Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Б дыбысы мен әріпі.
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Х. Наубетов атындағы орта мектептің
жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Нурмашева Шарбану Насырқызы

Тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:
а) Б дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздер ойлату және сөз ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету;
ә) Оқушылардың ой – өрісін, тілдерін, есте сақтау қабілетін дамыту, оқи білуге дағдыландыру;
б) Білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Б әрпінің жазба, баспа түрі суреттері, Б дыбысына байланысты картина, қима әріптер, интерактивті тақта.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
2. Үй тапсырмаларын қайталау. Оқушыларға өткен әріпті оқыту, сұрақ – жауап.
Емен, етік, елік.
Кеспе әріптерден «емен», «етік», «елік» сөздерін құрату.

3. Жаңа сабақ. Жұмбақ жасыру.
Балта да бар
Сиыр да жоқ
Балға да бар
Қиыр да жоқ
(Б) әрпі
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар.
(Бидай)
Иесі оның сәби
Әрі төсек, әрі үй. (Бесік)

- Жұмбақтың шешулері қай әріптен басталады? Б дыбысынан басталатын тағы қандай сөздер білесіңдер?
- Бидай, бота, балапан, бақа, бөрік, Берік, т. с. с.
Баспа, жазба түрлерін таныстыру. «Б»дыбысына байланысты суретпен жұмыс. «Б»дыбысын жеке оқушыға айтқызу, хормен қайталау, оның дауыссыз екенін анықтау.

Сергіту сәті: «Бақа - бақа»
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы балапанға дыбыстық, буындық талдау жасау: ба - ла - пан.
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтінді оқыту, сұрақ қою арқылы оқушылар толық жауап берулерін қадағалау. Мысалы: Балғын мен Берік қайда барды? Неше балық аулады? т. с. с.
Дәптермен жұмыс. Бб әрпін, жолдан ауытқымай түзу отырып үлгі бойынша жазғызу. «Б»әрпіне басталатын сөздер мен сөйлемдер жазғызу.
Бб.........
Бала...........
Балық.........
Берік балық аулады.

Қорыту.
- Қандай әріппен таныстық?
- Бб дыбысы.
Тақтада «Берік», «бала», «балапан» сөздерін жазғызу.
Бота, балапан, балық, бақша, Балғын, Берік, т. с. с.
Үйге. Бб дыбысы бар бетті оқу, дәптерге жазу.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама