Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Баға. Құн. Теңге
Сабақтың тақырыбы: Баға. Құн. Теңге
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту
3. Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия.
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: интер. тақта, плакаттар

Сабақтың барысы
І. Қызығушылығын ояту.
Тақтада тұрған ақшалардың суретіне назар аударту
- Ақшаның тағы қандай түрлерін білесіңдер? (доллар, рубль т. б)
- Біздің қазақстандық ақша қалай аталады?
- Теңге туралы, биыл 20 жылдығы біздің сабақпен ұштасып отырғанын айту
Ұлттық валюта
Қазақстандық теңге
«Теңге» - орта ғасырдағы түріктектес халықтардың күміс тиындықтарды «денге» немесе «таньга» деген сөзінен шыққан. 1993 жылы 15 қарашада алғашқы ұлттық ақша айналымына кірді.

ІІ. Мағынаны тану.
Білімдерін дамыту.
- Балалар, бізге ақша не үшін керек?

Жаңа материалмен таныстыру.
Мұғалім алғашқыда балалардың ақша, тауардың кұны ( бір нәрсе сатып алу үшін өз беттерінше дүкенге барған кездері болды ма, т. б.) туралы күнделікті тұрмыстағы түсініктерін анықтайды.
Жаңа тақырыппен таныстыруды «Дүкен» ойыны түрінде жүргізетінін хабарлау. Мұғалім алдын ала «тауарларды», оған ілінетін «бағаларын» дайындап қояды. Мұғалім «дүкен сөрелеріне» тауарларды орналастырып, бағаларын іледі. Оның дүкенінде тауарлар «сатылатынын» хабарлайды. Оқушылардың бірі «сатып алушы» болады да, оған тауар «сатып алу» тапсырылады.
- Ал балалар, біздің дүкенге баруға сиқырлы ақша керек. Ол ақшаларды табу үшін мына есептеулерді орындауымыз керек.
6+9 -------- 15 - 8 ------ 8+9 -------- 11 - 2
13 - 8 ----- 14 - 7 ------ 11 - 4 ------ 7+9
5+9 -------- 6+7 -------- 13 - 6 ------ 9+9
17 - 9 ----- 16 - 8 ------ 9+8 --------- 8+7
Ары қарай мұғалім балалардың назарын бір заттың қанша тұратынына аударады да, бұл заттың бағасы екенін айтып, дүкеннен не алатындарын сұрайды.
Тақтада көрсетілген заттарды сатып алуға екі оқушыдан шақырады. Олардың алған заттарының бағасын қосып, барлық сатып алған затқа төленген ақшаның заттың құны екенін айтады.
Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады.

Сергіту сәті.
Мұғалім еңбек сабағында жасап үйренген әмиянды жасау керектігін айтады. Музыка ырғағымен балалар бүктеу тәсілі арқылы әмиян жасайды.
Жасалған әмиянға өздерінің алдында жатқан ақшаларын салып қоюлары тапсырылады.
Есепті шығар
Қарлығаш бірінші дәптерді 9 теңгеге, екіншісін 6 теңгеге сатып алды. Барлығы неше теңге болады?

№6. Кесте бойынша өрнектер құрастырып жаз. Олардың мәнін тап:
Интерактивті тақтада балалар өрнектерді жазып, өз жазған өрнектерін оқып берулері қадағаланады.
№7. Геометриялық фигуралардан жануарлар бейнесін құрастыру.
ІІІ. Ой толғау
Қорыту: Мақтау, мадақтау
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама