Бағдаршам еліне саяхат
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Бағдаршам еліне саяхат.
Мақсаты: Жаяу жүргіншілердің, жолаушылардың және жүргізушілердің жол ережесін нақты білу керектігі туралы балалардың білімдерін бекіту.
Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға, жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру. Қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу.
Алдын ала жұмыс: «жол қозғалыс ережелерін» үйренеміз атты көркем әдебиет оқу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:
Демонстрациялық материалдар, бағдаршам, жолақ жол, автобус макеті, көлік түрлері, жердің, судың, ауаның суреттері, жол белгілері, интерактивті тақта.
Сөздік жұмыс: жаяу жол.
Билингивальды компонент: Жаяу жүргінші - пешеход, жаяу жол - тротура, бағдаршам - светофор, жол белгілері - дорожные знаки.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Здраствуйте!
- Good morning!
Шаттық шеңбері.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Ойынымымызды бастаймыз сәлемменен.
- Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде мен сіздерді саяхат жасауға шақырамын.
- Қане бәріміз автобусқа огтырып, тез жету үшін ән айтайық.
Жүргізуші боламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Сақтықпенен жәйменен,
Автобусты айдаймыз.
Басқышты біз басамыз,
Асулардан асамыз.
Ережені сақтаймыз,
Аялдамад тоқтаймыз.
Бағдаршамда сақтықпен,
Жасыл жанса айдаймыз.
Сары жанса дайындалып,
Қызыл жанса тоқтаймыз.
Балалар міне «Бағдаршамдар еліне» келдік. Бұл барлық адамдармен қатар балалардың жол қозғалыс ережелерін біліп, оны күнделікті қолдану елі. Жол қозғалыс ережесі кімдерге қажет? (Адамдарға керек).
- Неліктен бағдаршамда жол оқиғалары болмайды?
- Олар жол қозғалыс ережелерін сақтайды.
Осы елдің құрметті тұрғыны болу үшін бірнеше қиын тапсырмаларды орындауға тура келеді.
Тапсырмалар:
1. «Көлік түрлерін ажырат»
а) осы көлік түрлерін ажыратып, оны атап, қайда жүретінін айту.
ә) бұл суретте қандай көлік түрлері жетіспейді?
Мына суретте ертегі кейіпкерлері қандай көлік түрлерімен жүрген?
- Жарайсыңдар балалар алғашқы тарсыманы сәтті орындадыңдар. Енді әрі қарай жүру үшін өткінші жолды өту керек. Балалар жолдың қай жерінен өтуге болады?
- Жаяу жүргіншілер өтетін жолдан жүруге болады.
- Мен ешқандай жаяу жүргіншілер жолын көріп тұрған жоқпын, оны өзіміз жасап алайықшы.
- Кім біледі? Жаяу жүргіншілер жолын қалай ажыратуға болады?
- Ақ жолақ.
Балалар ақ жолақтарды алып, ала жол жасайды. Бұл жерде жаяу жүргіншілердің жолы бар екендігін білу үшін белгі орнатамыз.
Бұл жерде көптеген белгілер бар, маған керектісін таңдауға көмектесіңдер!
2 - тапсырма «Керекті белгіні таңда!»
Белгілерді көрсету, балалар оларды атайды, керегін таңдайды.
Енді міне алға батылдықпен жүруге болады.
Келесі тапсырманы орындау үшін жұмбақ шешейік.
Бұйырмапты бас та,
Ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар, бірақ - та,
Бұл не екен балалар?
Бағдаршам - светофор - traffic light
Бағдаршамның неше көзі бар?
Бір, екі, үш.
Один, два, три.
One, two, three.
Бағдаршам түстерін атайықшы.
Қызыл - сары - жасыл.
Красный - желтый - зеленый.
Red - yellow - green.
Балалар ендеше бағдаршам туралы ертегі тыңдайық.
Ертеде бір қалада қызыл, сары және жасыл түсті үш көзі бар бағдаршам өмір сүріпті. Бірде осы үш көз қайсымыз ең маңызды екенбіз деп таласқа өзара түседі.
- Мен қызылмен, ең маңыздымын. Мені адамдар көрсе алдымда қауіп төніп тұрғанын біледі.
- Жоқ, сары ең маңызды менмін. Мен «тоқтаңдар!» «Асықпаңдар!» деген ескерту беремін.
- Сендер не деп тұрсыңдар деді жасыл. Жасыл түс ең маңызды. Мен сіздерге қауіпсіздікпен тыныштықты еске саламын. Олардың тартысқа түскені соншалық, сынып жан - жаққа шашылып қалады. Ал бағдаршам оларды шақырып өтінді. Достарым, келіңдер маған, сендер мен үшін өте маңыздысыңдар. Егер бәріміз бірге болсақ онда, қала жолдарында тәртіп болады.
Сергіту жаттығуы.
Балалар музыка ырғағымен қимылдар жасайды.
Содан кейін бағдаршамдар көзі ажырамастай дос болыпты.
Балалар орнына отырады.
- Қане балалар, бағдаршамдар елінің тұрғындарына барлық бағдаршамдарды керекті түстерге бояп көмектесейік. (Балалар үстелге отырып, бағдаршамдарды бояды).
Бағдаршам туралы көңілді ән қосылады.
- Енді айтыңдаршы, бағдаршамның әр белгісі нені білдіреді?
Қызыл - тоқта
Сары - күт
Жасыл - жур
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, тыңдаңдар
Ала - таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (ГАИ қызметкері)
- Балалар бүгінгі біздің оқу іс - әрекетімізге «ГАИ қызметкері» қонаққа келді. Тапсырмасы бар екен. (интерактивті тақтадан суреттер көрсетеді).
Суреттен дұрыс және бұрыс суретті табу. Балалар суретке байланысты тақпақтар айтады:
Ата - ананың сенімін,
Есте ұстап, ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
Қызыл шам жанса жол «жабық»,
Сонда болсын ойың бар.
Сары шам жанса «дайындал»,
Шатылады білмеген.
Жасыл жанса «жүр» деген
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар.
Гаи қызметкері: міне балалар сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар. Мен сендерді «бағдаршамдар елінің құрметті тұрғындары» арнайы төс белгісімен марапаттаймын.
Гаи қызметкері: Балалар жолда апатқа ұшырамау үшін жаяу жүргінші де, жүргізушілерде жол ережесін сақтау керек. Сақ болыңдар!!!
Балалар автобусқа отырып, «жол жүргізушілер жырын» айтып, бақшаға оралайық. Сау болыңдар.
Міне біздің саяхатымыз аяқталды.
Рефлексивтік түзету. Қорытынды сұрақтар қою.
- Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
- Сендерге тапсырмалар ұнады ма?
- Жолдан өтерде қайда қарап өтуіміз керек?
- Адамдар қандай жолдан өтуге болады?
Күтілетін нәтиже.
Қайталайды: қызыл - тоқта, сары – күт, жасыл – жур.
Түсінеді: жол ережесінде белгіленген суреттердің нені білдіретінін: көше тәртібін бұзудың қайғылы жағдайға ұшырататынын.
Қолданады: жолда абай болуды, жан - жаққа зейін қоюды, сақтануды.
№100 «Тоғжан» бөбекжай-бақшасы
Жоғарғы санатты тәрбиеші
Сауле Мергенбайқызы Турлыбекова