Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Шығармашылық жұмыс
Тақырыбы: Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі (слайд түрінде)

Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі... (Әл – Фараби)
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын, жобалануын және құрылуын болжайды. Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады. Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.

Жоспары:
І. Кіріспе
1. 1. Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Жобалау әдісінің түрлері мен ерекшеліктері
2. 2. Жобалық іс - әрекеттерді пайдалану арқылы мектепке дейінгі оқу мен тәрбие.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс - әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс - әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс - жүзінде пайдалануы.

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды. Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады. Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс - әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс - әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.
Жобалау әдісінің басты идеясы:
балалардың танымдық қызығушылығын дамыту,
өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата - анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобалаудың түрлері:
1. Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді шешетін «Денсаулық» жобасы,
2. Пәнаралық – «Денсаулық» «Коммуникация» таным сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба, яғни бір тақырыпты әр түрлі саладағы ұстаным бойынша қарастырамыз. Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының вариациялық бөлігінің мәселесін шешетін жоба.

Жобаның тақырыбы келесі талаптарға жауап береді.
1) 5 Оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек;
2) Тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін;
3) Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс;
4. Жақын даму аймағында орналасуы тиіс;

«Кәусар - Әли» бөбекжай – балабақшасы ЖШС
Әдіскер: Базарбекова Кундыз Жумахановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама