- 02 қыр. 2020 00:00
- 267
Балабақшаға орынды үлестірудің жаңа жүйесі белгілі болды
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшамен 100 пайызға қамту қай кезеңде шешілетінін айтты.
«Мемлекет басшысының Жолдауында білім мен ғылым саласын дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Бұл тапсымаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастадық. Басты бағыттарына тоқталсақ, 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту жөніндегі міндет 2025 жылға қарай кезең-кезеңмен іске асырылады», — деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бұл жұмыс жекеменшік балабақшалардың үлесін көбейту арқылы орындалады.
«Қазіргі жағдайда қай балабақша мемлекеттік тапсырысты алатынын аудан, қала білім бөлімдері шешсе, ал бұдан кейін оны ата-аналардың өздері ваучерлік қаржыландыру принціпімен шешетін болады. Яғни, нақты бір баланың балабақшаға кезегі келгенде, ата-анасы ваучерді алып, оны өзі қалаған балабақшаға беруге мүмкіндік алады. Бұл сәйкесінше, бәсекелестікпен бірге сапаны да көтеретіні сөзсіз», — деді А. Аймағамбетов.