Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Балта ақынның Ағыбайды жұбатқаны

Ағыбай батырдың кенже ұлы Қашқынбай он шақты жігіттің батпаққа батқан атты шығара алмай жатқанын көріп, қиналған жануарға жаны ашып, белінен батпаққа кіріп жалғыз өзі атты жағаға алып шығады.

Таңқалған елдің арасында баласының ерлігіне сүйсіне қарап отырған Ағыбай ішінен: «Жел жаққа ұстар, жауға салатын ұлым осы екен», — деп мақтаныш тұтады. Сол күні кешке Қашқынбайдың денесі ісіп, белуардан төменгі жағы қарайып кетіп, келесі күні ертеңгісін қайтыс болады.

Он жеті жасар ұлының қазасы жанына батқан, әрі «өзімнің көзім тиді» деп қатты қапаланған Ағыбай күңіреніп, қайғырып төсегінде жатып қалыпты. Сонда игі жақсылары қасында, ұлытаудан келген Найман Балта ақын батырды құшақтап көрісіп, жұбатқаны:

— Алла ісінде бұзық жоқ,
Өлмесін деп әзелде.
Жазып қойған сызық жоқ,
Ұлы өлмейтін ұрымда жоқ,
Қызы өлмейтін Қырымда жоқ,
Қатыны өлмейтін халықта жоқ,
Әсте өлмейтін тарихта жоқ,
Қойын толы саф алтын
Сарқылмаған қайда жоқ.
Қабындап келген қайғыдан
Тіріге тиер пайда жоқ.
Елге пана, Ағыбай, Жерге пана,
Ағыбай, Ердің ері емес пе едің,
Егеудің сынығы емес пе едің,
Көтер бері басыңды,
Қайғы жейді жасыңды...

Ежелден келе жатқан досы Балта ақынның осы сөзінен Ағыбай ойланып, тәубаға келіп, біраздан соң басын көтеріпті.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама