Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ағыбай батырдың айтқаны

Ағыбай батырдың атағы шығып тұрған шағында еліндегі бай, дәулетті адамдар оны күндейді екен. «Ол да кісі, біз де кісі. Осы Ағыбайда не тұр? Біз сияқты мыңдап айдаған малы жоқ» десетін болған. Тар пиғыл мұндай сөздер Ағыбайға да жетеді. Бірақ ол елең қылмай жүре береді.

Күндерде бір күн елге жау шабады. Байлардың жылқысын олжалап, өздерін сойылдап, естерін шығарады. «Ойбай, аттан, Ағыбай! Неге отырсың?..» — деп сойылға жығылып жаудан беті қайтқан байлар батырға келеді.

Ағыбай сонда атқа мініп, жауды бөріктіре қуып, жылқыны аман алып қалады.

Дәулет иелері енді оған рахмет айтады. Сонда Ағыбай оларға:

— Мал да кісі, бай да кісі,
Соның бәрі жай да кісі.
Есін білмес ерді күндер,
Жау келгенде қайда кісі?.. —

деген екен.

Оқуға кеңес береміз:

Наурызбайдың қарындасы

Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі

Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама