БАҚ-тың монополиялануы мен шоғырлануының ақпарат ағымына тигізер әсері
Қазіргі таңда көпшілік мемлекеттерде бұқаралық ақпарат құралдарын монополияландыру мен шоғырландыру ісі белең алып жатыр. БАҚ-тың монополиялануын екі жақты қарастыруға болады. Бірінші, ол БАҚ пен коммуникациялық құралдарының өзара шоғырлануы мен монополиялануы, екіншісі, монополиялық топтардың өз иеліктеріндегі ақпарат құралдарына ықпал етуі. Ал БАҚ-қа иелік ету қалай жүзеге асады?
Бұл сұраққа баспасөз зерттеушісі Землянова өзінің «Зарубежная коммуникативистика в преддверии информационного общества» еңбегінде жауап береді. Ол БАҚ-қа иелік етуді беске бөліп қарастырады: біріншісі, тізбек - бір нысанға ғана қарайтын газет-журналдардың тізбегі. Мысалға, Ганнет компаниясы 80 күнделікті газетке иелік
етеді, екіншісі, желі - радио хабар тарату желілеріне иелік ететін бір немесе бірнеше топтасқан нысандар. Бұған «Эй-би-си», «Эн-би-си», «Си-би-эс», «Фокс» сынды АҚШ-тың ірі желілерінің хабар тарату компаниясын жатқызуға болады, үшіншісі, БАҚ-қа гибридтік иелік - масс-медиа түрлерінің, яғни газет, журнал, телестанция, киностудия сынды ақпарат тарату құралдарының бір адам қолында шоғырлануы. Мәселен, Аустралиялық медиамагнат Руперт Мердоктің иелігінде газет те, журнал да, киностудия мен телестанция да, баспа үйі де бар, төртіншісі, конгломераттар - масс-медианың түрлі салаларына ғана емес, сондай- ақ оны дайындаудағы, өндірудегі кәсіп орындарға иелік етуі, төртіншісі, вертикалді интеграция - медиабизнестің барлық саласына ықпал етуге ұмтылу.
«Кім ақпаратты иемденсе, сол әлемді басқарады»,- демекші бұқаралық ақпарат құралдарының лезде монополиялануы, белгілі топтардың иелігіне өтуі демократиялық мемлекеттерді алаңдатпай қоймады. Себебі БАҚ-тың бір немесе бірнеше топтың иелігінде болуы оның, әлбетте, сөз бостандығының шектелуіне, бір жақты позицияның ұсталуына әкеп соқтырады. Ал бұл әрекеттердің салдары, қоғамға үлкен қауіп төндіріп, қара халық мүддесінің елеусіз қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан осындай жағдайларды тудырмау үшін ақпарат құралдары бейтарап бағытты ұстанып, барды бар, жоқты жоқ деп айта да, көрсете де алатын ақиқаттың жаршысы болуы тиіс.
Осындай қауіп-қатердің алдын алу үшін мемлекет тарапынан да түрлі шаралар, шектеулер қолданылды.
Үкімет БАҚ-тың концентрациясын реттеуде ПАСЕ қабылдаған «Адам құқығы мен Бақ жөніндегі декларациядағы» шектеулерді негізге алып жұмыс істейді. Декларацияда осы мәселеге байланысты «БАҚ-тың тәуелсіздігіне нұсқан келмеу үшін монополия тарапынан болатын қауіп- қатерден қорғану керек», - деген баптар бар.
БАҚ саласын монополияландыру ісін шектеуде әр ел өз ережелін қолданғанымен, реттеудің бәріне ортақ төмендегідей экономикалық қағидаттары бар:акционерлік капиталдағы үлесті шектеу, БАҚ-тың ашықтығын қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз жылдық қаржылық есептердің, акционерлердің тізімін, акциялардың кімге, қайда сатылып жатқандығы жөнінде ақпараттарды беру деген сөз, мерзімді басылымдары концентрациялауды шектеу, әр басылымның шыққан тиражына қарай жүргізіледі және шетел компанияларның тигізер үлесін шектеу.
«Журналистика - төртінші билік», һәм ақпарат - дәл қазіргі XXI ғасырда өз межесінен асып түсіп, халықтың өмір бөлшегіне, тұрмыс - тіршілігіне етене кірген бөлшегі болып саналады. Күнделікті оқиға, тапа тал түсте болған жағдайлар, іс - шара, қайғылы, қуанышты, атойлы күндердің хабарланып, ел - жұртқа жеткізілуі - дәстүрге айналып кеткендей. БАҚ- тың цензура шеңберінен шығып, белгілі бір шекті дәрежеде ақиқат ақпарат таратуы, бейтарап бағытта болуы, қазіргі ақпарат құралына қойылатын ең басты талап деп білемін.
Орындаған: Канатова Д. Б., 2 курс студенті
Жетекшілері: Майкотова Ғ. Т. , ф.ғ.к., доцент Әлім Ә.А. аға оқытушы