Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бастау олимпиадасы логикалық есептер
“Бастау” олимпиадасы логикалық есептер
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стакан қалды?
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам қыдырып жүр?
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
4. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін?
5. Менің атым Салтанат. Менің тәтемнің бір ғана сіңлісі бар. Менің тәтемнің сіңлісінің аты кім?
6. Термометр аяз болғасын үш градус көрсетіп тұр Осындай екі термометр неше градусты көрсетеді?
7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
8. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?
9. Егер жылқы қоянға қарағанда аласа, ал жирафтан биік болса, онда ең биік қай жануар?
10. Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Ақылжан 7 гол соқты.
Ойын 10: 6 есебімен аяқталса, онда Ақылжан ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме?

Логикалық есептердің жауаптары
Үш стакан
Үш адам
Шырпы
1 және 2
Салтанат
Үш градус
Жоғары лақтыру керек
9 есе
Қоян
Ақылжанның командасы жеңді

№8 жалпы орта білім беретін мектеп
4 сынып оқушылары
Дайындағандар: Мұханбетқалиева Д. Т.
Түгелбаева С. Т.
Нәлібай С. Х.
Сынып жетекшісі: Махамбетова М. Қ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама