Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Бес анонимдік маскасын киген тұлға: 5 жыл бойы қыз бен оның отбасын интернетте қудалаған азамат анықталды

Ұлытау облысында киберполиция қызметкерлері интернеттегі ең ұзаққа созылған қудалаудың бірін әшкереледі. Бес жыл бойы анонимді аккаунттар мен цифрлық маскалардың артына тығылып, бір отбасын мақсат еткен шабуылшы әшкереленді.

Бұл туралы Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бастапқыда қысым қызға бағытталған – бопсалау, қорқыту, жалған ақпарат тарату. Кейіннен қудалау қауіпті деңгейге көтерілді.

Жасанды интеллектінің қолданылуы

Қылмыскер жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, адамдарға ұқсас, бірақ жалған интимдік сипаттағы фото- және бейнематериалдарды жасаған. Бұл материалдар желіде таратылып, туыстарына, таныстарына және басқа да үшінші тұлғаларға жіберіліп, ауыр моральдық және репутациялық зиян келтірген.

Келісім бұзылды

2023 жылы жәбірленушінің үйленетінін білген аноним, күйеу жігіттің отбасына жала жабатын жалған бейнелерді жіберген. Салдарынан, той тоқтатылды.

Қауіпсіздікке төнген қатер

Қыз цифрлық кеңістіктен толықтай бас тартуға тырысқанда, шабуылдың нысаны оның жақын туысы болды. Желіде жалған анкеталар мен материалдар тарала бастады. Бұл отбасының, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне нақты қатер төндірді.

Анонимдіктің бұзылуы

Қылмыскер өзінің ешкімге қол жетпейтініне және ұзақ уақыт бойы аноним бола алатынына сенімді болғанымен, киберполиция жедел әрекеттер арқылы оның кім екенін анықтады.

Жұмыс барысында заманауи цифрлық технологиялар, аналитикалық құралдар және киберполицияның мүмкіндіктері қолданылып, көп жылдық онлайн-преследование артында тұрған нақты тұлға анықталды.

Осылайша, желідегі толық анонимдік туралы иллюзия жойылды. Ұсталған күдікті – Сәтпаев қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол тұрғылықты жері бойынша арнайы жасақ қызметкерлерінің қатысуымен ұсталды. Тінту кезінде қылмыстық әрекеттерде пайдаланылған компьютер техникасы мен байланыс құралдары тәркіленді.

Ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу оның басқа да киберқылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Жаңалықтар

Жарнама