- 26 қаз. 2016 00:00
- 251
Білім және ғылым министрлігінің сайтында электронды оқулықтар жарияланды
ҚР БҒМ алғаш рет өзінің сайтына оқулықтардың электрондық нұсқасын орналастыруда. Онда ең бірінші болып бірінші сыныптарға арналған мазмұны жаңартылған оқулықтар салынды.
«Енді әр оқушы, ата-ана, оқушы бұл электрондық білім беру ресурсына еркін кіре алады және оны өздеріне қолайлы кез келген уақытта пайдалана алады. Оқулықтардың электрондық нұсқасын қазақстандық баспалар берді, олар биыл барлық бірінші сынып оқушылары үшін оқулық шығарды», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство атап өткендей, оқу құралын интерактивті берудің заманауи әдістері білім алуды кез келген жастағы оқушы үшін қызықты да тартымды ете түседі.
«Электрондық оқулықтарды пайдалану - қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа технологиялық бағытына сәйкес келуімен қоса, оқушылардың бағдарламаға қызығушылығын артттырады», - делінген таратылған хабарламада.