Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Талдықорғанда заңсыз ақша жинаған тәрбиеші жұмыстан қуылды

«Талдықорған қаласының мектептері мен балабақшаларында ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады! Егер, мұндай жағдай анықталса, мұғалім, тәрбиеші сол мезетте жұмыстан шығарылады. Ал мектеп пен балабақша басшылары қатаң жауапқа тартылады». Талдықорған қаласының мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілеріне арнайы жиын өткізген қала әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев осылай деді.

«Соңғы кезде әлеуметтік желілерде қала мектептері мен балабақшаларында әр нәрсені сылтауратып ақша жинау туралы ақпараттар шығып жатыр. Бірі «Алтын күз», бірі ертеңгіліктерді алға тартса, енді бірі ата-аналар оқулықтар мен оқу-дәптерлерін сатып алып келуі керек деп талап еткен. Бұл - қате ұғым. Мемлекеттік мекемелерде балаларды оқулықтармен қамту үшін қажетінше қаражат қарастырылған. Ал оқу-дәптерлерін алу-алмау ата-ананың өз еркінде. Бірақ, оны талап ету - жемқорлыққа жетелейді», - дейді М.Көлбаев.

Ата-анадан 18 оқу-дәптерін сатып әкелуді талап еткені дәлелденген Талдықорғандағы № 42 балабақшаның тәрбиешісі қала әкімінің орынбасары М.Көлбаевтың жиналысынан кейін, қалалық білім бөлімінің бұйырығымен жұмыстан шығарылды. Ал балабақша меңгерушісіне сөгіс жарияланды.

Автор: Самал Қабышева

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама