- 27 мау. 2018 00:00
- 236
Бірінші болу – өз қолыңда!
XXI-ғасыр – қолына қағаз бен қалам алып, болмашы дүние жазып, кітап шығарып, өзін жазушы сезініп жүргендердің заманындай көрінеді. Шығарылған кітаптар сұранысқа ие болып, халықтың игілігіне жараса көңіл қуантады. Ал дүкеннен сатып алынып, үйдегі шкаф сөрелерінде сувенир болып тұруға ғана жараса не болмақ?
Осы жылы ел арасында Қуаныш Шонбай атты кәсіпкердің „Екінші болма” кітабы қолданыста болды. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының кітап жайындағы пікірлеріне қарағанда бұл кітап – оқыған әрбір адамға өзгеше әсер қалдырып, жеткілікті пайдасын тигізген. Маған да пайдасы тиіп қалады-ау деген ниетпен кітапты оқыдым. Түйсігім қателеспепті. Кітап, автор өз пайдасын тигізді. Кітапқа қызыққаным сонша 2 күнде оқып бітірдім. Автор ойының, кітаптың адамға тигізетін пайдалары қандай?
Кітаптағы маған ұнағаны – автор тілінің қарапайымдылығы. Бәрімізге ортақ сөздерді қолдану арқылы кітап жазғанын оның жетістігі санаймын. Егер кітап әдеби стильде жазылғанда оқырман оны білім алу үшін емес, жай ғана кругозорын кеңейту үшін алар еді.
Кітапты оқыған басқа адамдарға әсері қандай болғанын білмеймін. Кітап, ондағы ойлар, айтылған әрбір сөйлем маған шабыт сыйлады, мотивация берді. Бұрын дәл осы жанрда жазылған бірнеше кітап оқығанмын. Бірақ олар орыс тіліндегі ағылшын авторларының жазғаны болған соң олардан аларым аз секілді болды. Ал бұл кітап әрбір қазаққа арнап жазылған соң, маған жақын көрінді.
Кітап шындықтан құралған. Қазақстандағы әрбір адамның бойында бар қасиеттерді алып, егер олар жағымсыз қасиеттер, оқиғалар болса, одан шығатын жолдарды да айтқан. Оқырманды өзіне тәнті еткен кітаптың ерекшелігі осында. Егер кітап фантастика жанрында жазылғанда, оны оқитындар саны санаулы болатын еді. Кітап шындықтан құралған соң, оның ішінде сенің бойыңда бар қасиеттер мен бойыңа керек қажеттіліктер айтылған соң, қалай оны алып оқымайсың?!
Міне, кітаптың маған тигізген пайдалары – осы. Жеке тұлға болып қалыптасуды қалайтын адамдарға бұл кітапты оқуға кеңес беремін. Пайдасы болмаса, кітаптың зиян келтірмейтінін ескертемін. Сәттілік оқырман!