Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Біржанның Шөже ақынмен қағысуы

Біржан бір кезде Шөже ақынмен кездесіп, Шөжені сөзбен қажай беріпті. Сонда Шөже өлеңмен былай депті:

Шөже:

Ай Біржан, маған берші бір азды дат,
Аяңа жоқ нәрсенің бәрі де хат.
Сасық күзен секілді шақылдама,
Сенен бұрын туғанмын, тіліңді тарт.
Біржан-ау, осы емес-ті көрген жерім,
Еншалла жаңылмаса көрген кезім.
Ұлмұлқұра деген алладан аят келді,
Соны тапсаң, сен мені жеңген жерің.

Біржан:

Жақынды алыс қылар жүрмеген соң,
Мереке — қызық болмайды күлмеген соң.
«Аталы сөзге арсыз таласады»,
Шөжеке шорқақ едім білмеген соң.

Шөже:

Әкесі Қожағұл Ақсарыға үлгі берген,
Бұл неге теріс кетсін үлгі көрген.
Арсыз болса, жанжалға салар еді,
Бұ-дағы келіп қалды даңғыл жолмен, —

дейді.

Біржан әрі қарай жауап қайтармайды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама