Photo: Felix Mittermeier (https://www.pexels.com/@felix-mittermeier) / Pexels
- 12 ақп. 2026 06:00
- 20
"Бюджет ақшасы дұрыс жоспарланбаса, миллиардтардан қағыламыз": Аймағамбетов дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бюджет бағдарламаларын түбегейлі қайта қарау қажеттігін көтерді. Оның айтуынша, қаржы бөлудің қазіргі тәсілі тиімсіз жоспарланғандықтан, бірқатар маңызды жобалар толық қаржыланбай қалып отыр.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат бұл мәселені халықаралық конкурсқа қатысты мысалмен түсіндіріп, бюджет басынан дұрыс құрылмаса, ел қомақты қаражаттан айырылуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан қаржы саясаты алдымен халыққа нақты нәтиже беретін бағыттарға негізделуі тиіс. Аймағамбетов бюджеттегі әр теңге ел игілігіне жұмыс істеуі керек деген ұстанымды алға тартты.
Еске сала кетейік, күні кеше Президент мемлекеттік тиімсіз шығындарды қысқарту үшін бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарауды тапсырған болатын. Сондай-ақ Үкіметке халық табысын арттыру және инфляцияны тежеу бойынша нақты міндет жүктеді.