t.me/kmgpress
- 20 ақп. 2026 19:31
- 27
«Болашақ Оперейтингтің» бас директоры тағайындалды
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Болашақ Оперейтинг» атты еншілес ұйымына жаңа басшы келді. Енді бұл компанияны Жиесбек Орунбасаров басқаратын болады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа басшы кім?
Жиесбек Орунбасаров 1975 жылы дүниеге келген. Ол Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» АҚ-да слесарь-монтажшы болып бастаған.
Түрлі жылдары газдық зерттеу инженері, Солтүстік Каспий жобасы мен Солтүстік Бұзашы кен орнында бұрғылау жұмыстарының супервайзері, «Каспий Меруерт Оперейтинг Компани Б.В» филиалының өндіріс жөніндегі менеджері, «Жамбыл Петролеум» ЖШС-нің өндіріс директоры, PSA ЖШС уәкілетті органының техникалық топ менеджері, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» филиалының материалдарды басқару тобының басшысы, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС-нің өндіріс директоры болып жұмыс істеді.
«Болашақ Оперейтинг» туралы
«Болашақ Оперейтинг» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 100 пайыздық еншілес компаниясы. Бұл ұйым Маңғыстау облысындағы және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі күрделі барлау және өндіру жобасы «Болашақ» бойынша жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.