Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Британдық мұнайшылары Қазақстанды сотқа бермекші

Ұлыбританияның Victoria Oil & Gas компаниясы Қазақстанға қарсы халықаралық арбитражға жүгінді. Компания 2008 жылы Кемерколь мұнай кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылғанын заңсыз деп санайды.


Айта кетейік,Victoria Oil & Gas 2005 жылы Saga Creek Gold Ltd компаниясынан Кемерколь кен орнындағы 100% үлесті 8,5 миллион долларға сатып алған. Компания геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мұнай қорын 15 миллион тонна деп бағалаған. Алайда 2008 жылы белгісіз себептермен жер қойнауын пайдалану келісімшарты күшін жойған.

Сол жылы бұл құқық "Бақыт Тау" ЖШС-не 360 миллион теңгеге берілді. Ал 2016 жылы "Бақыт Тау" ЖШС аталған кен орнын 1 360 миллион теңгеге "Ап-Нафта Оперейтинг" ЖШС-не сатқан.

Victoria Oil & Gas Қазақстанның Энергетикалық хартия аясындағы міндеттемелерін орындамағанын мәлімдейді. Британдық инвесторлардың айтуынша, бұл оқиға халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді және олардың инвестициясына нұқсан келтірген.

Қазіргі уақытта халықаралық арбитраж бұл істі қарастыруда. Даудың шешімі Қазақстанның шетелдік инвесторлар алдындағы беделіне әсер етуі мүмкін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама