Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Бұл – менің соңғы сөзім": Танымал актердің өлер алдындағы сұхбаты жарияланды

Танымал американдық актер Эрик Дэйннің өмірден өтер алдында берген соңғы сұхбаты жарық көрді. "Анатомия страсти" және "Эйфория" сияқты танымал туындылар арқылы көрермен жүрегінен орын алған актердің бұл сұхбаты "Famous Last Words" жобасы аясында жарияланды. Бұл жобаға тек актердің өзі рұқсат берген, қайтыс болғаннан кейін ғана жарияланатын материалдар кіреді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыздарына арнаған ақтық сөздері

Сұхбаттың соңында Эрик Дэйн өз қыздары Билли мен Джорджияға арнап жүрекке жылылық ұялатар сөздерін айтты. Ол өз өмірін, басынан өткерген сәттерін еске алып, қыздарымен өткізген әрбір күнді бағалайтынын жеткізді. "Жағажайда бірге өткізген уақытымыз есімде... Бұл – ең керемет күндер еді", – деп толғаныспен бөлісті актер.

Өмір туралы өсиет

Актер өзінің ауыр дертке шалдыққаны туралы айтып, бұл жағдайдың өмірге деген көзқарасын қалай өзгерткенін жеткізді. Ол қыздарына өмірдің әрбір сәтін бағалауға, жанына жақын істермен айналысуға және қасындағы жандарды қадірлеуге шақырды. "Бар күштеріңмен күресіңдер. Ешқашан берілмеңдер. Бұл ауру денемді әлсіретсе де, рухымды ала алмайды. Сендер – менің жүрегімсіңдер. Мен сендерді жақсы көремін. Бұл – менің соңғы сөзім", – деп сөзін аяқтады.

Америкалық актер Эрик Дэйн 53 жасында өмірден озды. Оның отбасы бұл қайғылы жаңалықты растады. NBC News мәліметінше, актер өткен жылдың көктемінде бүйірлік амиотрофиялық склероз диагнозы қойылғанын өзі хабарлаған болатын. Актер соңғы күндерін жары, екі қызы және жақын достарының ортасында өткізген.

Эрик Дэйн "Анатомия страсти" сериалында доктор Марк Слоан рөлін сомдап, HBO-ның "Эйфория" жобасында Кэл Джейкобс кейіпкерін ойнады. Сондай-ақ, ол бірнеше фильмде де өнер көрсеткен.

Жаңалықтар

Жарнама