Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 минут бұрын)
Мемлекеттік баспананы таныс-тамыр арқылы таратқан шенеунік түрмеге тоғытылды

Ақтөбеде мемлекеттік баспананы заңсыз таратқан шенеунікке қатысты сот үкімі жарияланды. Бұрынғы тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Әлімов қызметін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тәртіп бұзылған

Сот отырысында Әлімовтің кезекте тұрғандарды айналып өтіп, таныстарына, туыстарына және жерлестеріне баспананы кезектен тыс беріп отырғаны анықталды. 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта әкімдіктің балансындағы кемінде 15 пәтер осылайша заңсыз рәсімделген.

Кезектің соңындағыларға да баспана бұйырмаған

Іс материалдарында көрсетілгендей, кезекте мыңыншы орында тұрған азамат алдымен бөлме, кейін пәтер алып, оны кейіннен қымбат бағаға сатып жіберген. Мұндай жағдайлар басқа да баспана иелерімен де орын алған.

Шенеунік кінәсін мойындамады

Жандос Әлімов сотта өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Ол өзінің бес баласы бар екенін, мемлекеттік қызметте 17 жыл жұмыс істегенін және ешқандай заңсыздық жасамағанын айтты. Істі қарау төрт айға жуық уақытқа созылды.

Сот үкімімен Әлімовке өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Жаңалықтар

Жарнама