dimashnews.com
- 18 мам. 2026 09:00
- 17
Димаш Құдайберген Стамбулдағы VIII Этноспорт мәдениеті фестиваліне қатысады
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Түркияның Стамбул қаласында өтетін VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінде өнер көрсетеді. Бұл шара 23 мамырда Ататүрік атындағы әуежай аумағында өтеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фестиваль бағдарламасы
Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған фестиваль 21-24 мамыр аралығында өтеді. Бағдарламаға дәстүрлі спорт түрлері мен халық ойындары, қолөнер көрмелері, гастрономиялық аймақтар, театр қойылымдары және шығармашылық кештер кіреді.
Өткен жылы фестивальді бір миллион адам тамашалаған. Биыл ұйымдастырушылар 1,5 миллион келушіге жетуді көздеп отыр.
Димаш Құдайбергеннің өнері
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген 23 мамырда Түркия уақытымен сағат 20:00-де Türk Telekom басты сахнасында концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді. Фестивальдің барлық іс-шаралары тегін.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлерінің бірлескен музыкалық жоба ұсынғаны хабарланған болатын.