Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 08 нау. 2026 08:30
- 25
Димаш Құдайбергеннің әжесі Қарақат Әбілдинаның қызына ақ батасын беріп, сыйлық табыстады
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің әжесімен бірге түскен әсерлі видеоны жариялады. Кадрдан өнер иесінің қызына арнайы сыйлық табысталып, ақжарма тілек айтылғанын көруге болады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әже Аялеканың ақ тілегі
Бейнежазбада Димаштың әжесі Қарақат Әбілдина мен оның қызына ақ батасын беріп, ізгі тілегін арнаған. «Қарақат жаным келе жатқан мерекең құтты болсын! Аялека құдайдан тілеп алған қызыңа бақыт, несібе, дәулет, береке, бәрін берсін! Осы гүлді қызыңа апарып бер! Гүлдей жайнап жүрсін, өмірлерің ұзақ болсын», – деді Димаштың әжесі.
Қарақат Әбілдинаның алғысы
Өз кезегінде Қарақат Әбілдина да ақ жаулықты анаға алғыс айтып, қызының бұл сәтті жүрегіне сақтап қалғанын жеткізді. «Міне, Димашымыздың әжесі, анасы Аялекама күшті бата беріп жатыр. Өткенде Аялекама ән айтып шыққанда, бірінші қатарда өзінің үлкен гүлін берген. Сол кезде қызым, маған Димаштың әжесі үлкеен гүл берді ғой, дейді. Кішкентай болса да, қараңызшы баланың есінде қалған. Қандай керемет! Апау өміріңіз ұзақ болсын! Мерекеңізбен!», – деді Қарақат Әбілдина.