Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 34 минут бұрын)
Димаш Құдайбергеннің үйлену тойы жақын арада өте ме? Әншінің сөзі жұртты дүрліктірді

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты жаңа сыбыстар желіде тарап, жұртшылықты елең еткізді. Әншінің өзінің Threads әлеуметтік желісіндегі жазбасы көпшіліктің қызу талқылауына себеп болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Димаш Құдайберген өзінің жазбасында үйлену тойының жақын арада өтуі мүмкін екенін меңзеп, «Асығатын түк жоқ, бәрі Құдайдың қолында. Алдағы уақытта... Уақыт көрсетеді» деп пікір білдірген. Бұл сөздер әншінің жақын арада шаңырақ көтеретіні туралы болжамдарға жетеледі.

Желі қолданушыларының пікірлері

Димаш Құдайбергеннің бұл сөздерінен кейін әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтыла бастады. Көпшілік әншінің жақын арада үйленетініне сенім білдірсе, кейбірі оның бұрыннан отбасылы болуы мүмкін деген ойларын ортаға салды.

«Димаш жақында үйленетін секілді. Айтуына қарағанда, әлде маған солай сезілді ме? Адал қыз, адал келіншек бұйырсын», – деп жазды бір желі қолданушысы.

Басқалары «Димаштың отбасы бар сияқты көрінеді маған», «Ақ маңдайлы, инабатты қыз бұйырсын», «Бәрі Алланың қолында» деп пікір қалдырды. Бұл пікірлер әншінің жеке өміріне деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті.

Жаңалықтар

Жарнама