Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Діндегі тәртіп мәселесі

Әділдік-Қандайда бір дін жолында жүрген адамның басты этикасы, моралі болып табылады. Әрбір басқан қадамы, сөйлеген сөзі, әр ісінің дұрыс болуы. Шыншылдық жайлы барлық діндерде түсінік әрі әмір бар. Исламда бұл сүннет. Тазалық-Барлық діндердің талап ететін әмірі. Тәннің таза болуы, жанның тазалығы әрі қоғамға да пайдалы. Діндегі тазалықты материалды және рухани деп қарастыруға болады. Көбіне рухани жаңынан көңіл бөлініп жатады дегенмен де, материалдық жағынан да көңіл бөлетін діндер аз емесБұл этика Исламда өте ерекше орын алады. Исламда қатты көңіл бөлінеді. Тіпті, тазалық пен дұға жасау синоним ретінде қарастыруға болады. Жақсылық жасау-Моральдық тұрғыда, жақсылық жасаған адамға құдайдың берері мол. Жақсылық жасау арқылы құдайға қадам жасаймыз. Осы арқылы өзіңнің жақсы-жаман екеніңді өз-өзіңе дәлелдеу. Қоғамның мейірімін құрайтын ерекше тәртіп түрі.

Діни этика және мораль-Барлық діндерде орын алатын, рухани тазартатын түсініктің бірі. Барлық дінмен сонымен қатар, қоғамға тыныштық орнайтын сенім. Басқаларға зиян келтірмеу, ұрлық жасамау, қан төкпеу (адам өлтіру), үлкенді құрметтеу, өтірік айтпау, зина жасамау т. с. с әдептерді талап қойған.

Қорытындылай келе, барлық діндер тәртіпке бағынуды талап еткенімен, зорлық жоқ. Яғни әр діннің өкілі еркін түрде, шынайы сезіммен қабылдап, тәртіп мәселесіне бағыну керек. Қоғамдағы тыныштық орнауының бірден бір себебі-діни тәртіп. Қоғам дінге деген сенімнен айрылмайынша, тәртіп, жақсылық, бейбітшілік орнап тұрады деген ойдамын.

Джасыбаева Венера, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті
Жетекшісі: ҚазҰУ аға оқытушысы:Кантарбаева Ж. У


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама