Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Достаса білейік
Алматы облысы, Сарқан ауданы,
Сарқан қаласы, «Ы. Алтынсарин атындағы орта» КММ - нің
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі
Кауменова Сания Кусановна

Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Тақырыбы: Достаса білейік
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Адамгершілік, шаттық, мейірімділік, қамқорлық
Сыныбы: Мектепалды даярлық топ

Сабақтың мақсаты: Балаларға дос туралы түсінік беру, бір-бірін ренжітпеуге тәрбиелеу
Сабақтың міндеттері:
- балаларға достасудың ерекше сезім екенін түсіндіру.
- балалардың бір - бірін сыйлауға деген қасиеттерін арттыру
- балаларды мейірімділікке, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:
1. Баяу музыка
2. Үлестірмелі суреттер (жүрек, гүл, күн, ағаш т. б.),
3. Мақал - мәтел
4.«Достар әні»
Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова,
Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы
- Жақсы болғаны маған да жақсы, олай болса бүгінгі сабақтан кейін тіпті жақсы болады.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ыңғайы келсе көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Ал енді ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, жарайсыңдар. Тағы да қайталаймыз, керемет жақсы. Тағы да ауаны терең жұтып, ақырындап шығарыңдар, өте жақсы балалар.
- Балалар музыка ырғағымен тыныс алу жаттығуын орындайды.
Ал, енді көзімізді ақырындап ашамыз, жан - жағымызға қараймыз, кәне күлейікші, жақсы керемет.

2. Үй тапсырмасы:
- Балалар сабағымызды бастамас бұрын орнымыздан тұрып, жанымыздағы досымызға жақсы сөздер айтып өткен сабақты тағы бір еске түсіріп жіберейік.--
- Орындарынан тұрып, бір - біріне жақсы тілектер айтады.
- Сәлеметсің бе,…… сен сүйкімдісің.
- Сәлеметсің бе,… сен қайрымдысың.
- Сәлеметсің бе,…… сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе,…… сен сабырлысың.
- Сәлеметсің бе,…… сен мейірімдісің.

3. Дәйек сөз:
Күлме досқа - келер басқа
(мағынасын сұрау, талдау)
Мақал - мәтел
- Мақал - мәтелді мұғаліммен бірге қайталайды.
- Балалар досқа күлуге бола ма?
- Бір - біріңді ренжітуге бола ма?
- Сұраққа - жауап

4. Мұғалімнің сыйлығы:
Ертегі: Алты түлкі
Бұрынғы уақытта алты түлкі дос болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,- деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі: «Осылардың мен қалай құйрықтарын шолақ қылсам екен»,- деп көп ойланады екен. Сонда бес түлкіге айтады:
- Біз бір жақсы ойын ойнайық! - деп.
Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарын байлап қойып, өзі биік бір таудың басына шығып, түлкілерге айғайлайды:
- Мына жақта бүркіттер келе жатыр,- деп, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, шолақ болып қалыпты. Енді оларды да өзі секілді шолақ қылып, өзіне серік етіп алды. Алтауы бірдей шолақ болған соң ешкім - ешкімді мазақтап күлмейтін болыпты.
- Көрдіңдер ме, балалар, досқа күлуге болмайды, әйтпесе өз бастарыңа түседі, дәл осы ертегідей. Досыңа жаманшылық ойлама!
- Мұқият тыңдайды
- Ертегіні талдау

5. Шығармашылық жұмыс: «Тосын сый»
- Ал балалар, достарыңа не сыйлағың келеді?
- Алдыларындағы үлестірмелі суреттерді бір - біріне сыйға тартады (жүрек, гүл, күн, ағаш т. б.)

6. Сергіту сәті: (ән айту)
Достар әні:
- Бәрі бірге хормен ән айтады.

7. Үй тапсырмасы: «Досқа - сый»
- Балалар үйден өздеріңе ұнайтын, өз қалауларыңмен достарыңа сурет салып келіңдер.
- Өз қалауларымен сурет салып келеді
сыйлыққа

8. Қорытынды: - Ал бір сәт тынышталайық,- деп баяу музыка тыңдату
- Бір сәт тынышталып музыка тыңдайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама