Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Ақтасты ауылы "Ақтасты орта мектебі"
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бекмұратова Дина Мәлікқызы

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Мақсаты: 1. С. Сейфуллиннің ақындық қуатын таныта отырып, «Ақсақ киік» өлеңін талдау, идеялық мәнін ашу.
2. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өз ойларын айтуға дағдыландыру.
3. Сұлулықты көре білуге, бағалай білуге, жек көру, сүйіспеншілік, жауыздық, аяу сезімдерін тану, қалыптастыру. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту.
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тест.
Көрнекілігі: С. Сейфуллиннің портреті, мультимедия кабинеті, шығармалар жинағы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларын түгендеу.
- Сынып тазалығын тексеру.
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
2. Мақсатымен таныстыру, күн ретін, жаңа тақырыпты хабарлау.

3. Жаңа сабақ
І бөлім: С. Сейфуллин жайлы үзік сыр.
С. Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде туған. Сәкен жастайынан ән салып, өлең шығарып өмірге әуестенумен бірге, саяси тартысқа да ерте араласты.
Сәкен Сейфуллин

Ақын, әнші, жазушы, қоғам қайраткері, күйші

Туған жер:і 1894 жылы Қарағанды облысының Нілді деген жерінде дүниеге келген.
Білімі: 1908 - 1913 жылдары Ақмолада Приходская школада, 1913 - 1916 жылдары Омбыда мұғалімдер семинариясында.
Өлеңдері: «Өткен күндер», «Асау тұлпар», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында»
Поэмалары: «Аққудың айрылысуы», «Көкшетау», «Қызыл от»
Жазушы «Қыр балалары, «Жер қазғандар», «Тар жол тайғақ кешу» романдары
Драматургия - «Бақыт жолында»
Қоғам қайраткері - Жазушылар одағында, «Еңбекші Қазақ» газеті, қазіргі «Егемен Қазақстан», «Әдебиет майданы» қазіргі «Жұлдыз» журналында редактор болып жұмыс істеген.

2 - бөлім: Өлеңмен танысу. Өлеңді мәнерлеп оқу.

3 - бөлім: Бетпақдала - киіктер мекені
Бетпақдала - қураған шөл, қысы - жазы елсіз. Онда өзен, көл, көк ала бетегелі бел болмайды. Бетпақтың көлденеңін ел «сегіз» көшіп әрең өткен. Мұндай жерде құлан мен киік қана шөлге көшіп, «өсіп - өнген». Меңіреу дала ызыңдаған желдің дауысы ғана естіледі.
Киіктің сипаты
Адамның баласындай екі көзі мөлдіреген, қап - қара, танауы желпілдеп, алдымызда бізден үркіп қарап тұрғандай. Аңның періштесі, басқа аңға теңдессіз сұлу.
Жаралы киік
Киікті атып, мүйізін пайда қылып сатып жүрген адамдардың бірі біздің киікке де көз салды. Бетпақдалада келе жатқан киікті атты. Пана іздеп, шыбын жанын қоярға жер таппай сандалып, қаңғалақтап киік келе жатты. Ақ денесі қанға боялып, әлсін - әлсін жығылып қаны жерге тамып, қиналып келеді. Ақ бөкен сахараның ботакөзін көзі қиып қандай мерген атты екен. Жапанда (айдалада) көмекке келер ешкім жоқ, мөлдіреген екі көзі көмек сұрағандай әлі кетіп сорлы киік жығылды.

Аяныш сезімі жоқ адамдарда
Менің таң қалатыным, адамдарда аяныш сезімі жоқ болып барады. Табиғаттың еркелері, періштелері аңдар мен құстар, соның ішінде қарлығаш, киік, аққу, бөкен сияқты сұлулықты, әсемдікті көре білмей де жауыздық жасайды - ау. Аяныш сезімі жоқ адамдарды ортамыздан аластатылуы тиіс. Табиғатты қорғап, қастерлеп, бір жәндігіне болса да зиян тигізбейік. Әдемілікті, сұлулықты көре білейік.

ІҮ. Білімді бекіту. Сатылай кешенді талдау.
1. Авторы - С. Сейфуллин
2. Тақырыбы - Сұлулықты түсіне білу, қорғау.
3. Жанр түрі - поэзия (өлең)
4. Идеясы - табиғатты қорғау, жауыздықты әшкерелеу.
5. Шумақ - 17 шумақты
6. Тармақ - 68 тармақты
7. Бунақ - 3 бунақ. Бетпақ шөл (ойлы - қырлы) панасы бар
8. Буын саны - 11 буынды
ар - қа - ның бет - пақ де - ген да - ла - сы бар,
9. Ұйқас түрі - а, а, б, а қара өлең ұйқасы
10. 1. Эпитет – сұлу аң, жазасыз жан, қу баялыш, қара жусан, көгала, бетегелі бел, шөбі сұйық, таңы аппақ, көзі мөлдір, қара, әдемі танау, байғұс бөкен, ақсақ киік, шыбын жан, қызыл қан, қоңылтақ жел.
10. 2. Теңеу – қазақтың малдарындай, жас балаша
11. Түсіндірме сөздік – шөбі сұйық - шөбі аз
саяқ - некен - некен - саяқ
меңіреу - тып - тыныш
12. Тәрбиелік мәні - Өлең табиғат сұлулығын айта отырып, әдемілікті түсіне білуге, сүюге тәрбиелейді.
Ү. Сабақты қорыту: «Жез киік»
ҮІ. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу, «Кей адам киік сатып, кәсіп қылған» шығарма жазу.
ҮІІ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама