- 05 нау. 2024 04:27
- 347
Электр зарядтары, электрлену, өткізгіштер және диэлектриктер
Оқушылар сабақтың тақырыбын естігеннен кейін, ОМ өздері анықтайды
/Презентеция пайдалану Слайд 1 - 2/
Оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу қажет
Әсерлесудің түрлері /Презентеция пайдалану Слайд 5 - 8/
Сұрақ - жауап /Презентеция пайдалану Слайд 9/
Оқушылар электростатикалық күшті бақылау үшін қарапайым тәжірибелер жасай алады, мысалы: ауа шарын қандай да бір материалмен үйкеп, қабырғаға жабыстырып қойыңыздар; ауа шарын оқушылардың шаштарына үйкеңіздер және шарды жақындатқанда олардың шаштарынын шарға қарай тартылғанын бақылаңыздар. Эбонит таяқшасын жүнге/жібекке үйкеңіздер және оны краннан ағып жатқан суға жақындатыңыздар, судың ағыны иіледі. Эбонит таяқшасын үйкеп, оны ұсақ қағаздарды жабыстырып алатынын бақыланыз.
/Презентеция пайдалану Слайд 4, 11, 12/
Ескерту: зарядты дымқыл ауа - райында нашар алуға болатындықтан, тәжірибені құрғақ күндерде жүргізген дұрыс.
Эбонит таяқшасын изоляцияланған штативке жібек жіппен іліп қойыңыз. Теріс және оң зарядтардың бар екенін түсіну үшін электрленген эбонит таяқшасының дәл сондай электрленген эбонит таяқшадан тебілетінін, ал электрленген шыны таяқшаға тартылатынын бақылауды ұсыныңыз.
Бір нүктелік зарядтың айналасындағы және екі зарядталған пластиналардың арасындағы өрісті демонстрациялау. Күш сызықтарының көмегімен өрістің диаграммасын сызу. Бағытын көрсету. Электр зарядтың физикалық мағынасын білу және түсіну; Электрлендіру құбылысын үйкеліс және индукциямен түсіндіру /Презентеция пайдалану Слайд 10 - 15/ (I) Оқушылар электр өрісін оқып үйрену және түсініктерін бекіту мақсатында әртүрлі зарядтардың айналасындағы электр өрісінің моделдеу теориясын қолданады.
Кулон заңын анықтау. Екі қозғалмайтын нүктелік зарядтың арасындағы бір - біріне әсер ету күші арақашықтыққа тәуелді екені түсіндіріледі. Оқушылар мысалдары бар парақтарды толтырады.
Дене бетінің зарядталғанын анықтау үшін жапырақты электроскопты қолданып, зарядтың бөлінуін демонстрациялау. Зарядталмаған эбонит таяқшасының көмегімен бір электроскопты зарядтаймыз. Екінші зарядталмаған электроскоптың шарын бірінші электроскоптың шарымен металл таяқшасымен диэлектик ұстағыш көмегімен қосқанда, онда бірінші электроскоптың жапырақшалары төмен түседі, ал екінші электроскоп дәл сондай заряд алады.
Содан кейін екінші электроскоптың шарын қолмен ұстап, разрядтау. Экспериментті бірнеше рет қайталанғаннан кейін оқушыларға зарядтың сақталу заңын және зарядтың ең кіші, ары қарай бөлінбейтін шамасы болатынын түсіндіру.
Оқушыларға минималды электр заряды болатын және заряд кулонмен өрнектелетін туралы айтыңыз.Гелий атомы қарапайым болғандықтан, оны атомнын құрылысын сипаттау үшін пайдалануға болады. Электронның орналасуын және салыстырмалы еркіндік дәрежесін көрсету. Электрондарды қосып алу немесе жоғалту кезінде электростатикалық зарядтың пайда болатынын түсіндіру. /Презентеция пайдалану Слайд 24 - 26/ Оқушыларға дененің зарядталуын анықтауға арналған құралды (электроскоп) құрастыруға ұсыну.
Денелердің электрленуінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру/Презентеция пайдалану Слайд 28 - 35/ Өткізгіштер және диэлектриктер: келесі сайтты пайдалану https://bilimland. kz/kk және осы сайттағы сұрақтарға жауап беру
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Сабақта өзінің алған білімінің қандай деңгейде екенін адамдарды бояу арқылы көрсетеді. Жаңа білім – көк қарындаш
Көңіл - күйі – жасыл қарындаш Сабақты бекіту және жеке оқушыларды бағалау мақсатында «уәж» ойыны ойнатылады.