Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ең басты құндылығымызды бағалайық ашық тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Өскелең ұрпаққа жалғыз отанымыз Қазақстан тәуелсіздігін қастерлеуге үйрету.
ә) қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру.
б) Туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, сұрақ – жауап әдісі, топқа бөлу
Көрнекілік: Әдебиет электронды оқулық, «Activstudio» интерактивті тақтасы, суреті, кестелер, сызбалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері
2. Топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын сұрау. Екі топ бір - біріне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы сұрақ қояды.

4. Жаңа сабақ
1. Слайд. Тақтада тәуелсіздіктің басты нысандары ел рәміздерінің суреті шығады. (оқушылар рәміздер туралы өз ойларын айта отырып тақырыпты өздері ашады.)

Мұғалім сөзі:
«Тәуелсіздік – бұл кезге дейінгі де, бұл кезден кейінгі де келетін ғұмырымыздың рухани мәйегі. Тәуелсіздікке жеткенге дейінгі ғұмыр, оны көксеумен өтсе, тәуелсіздіктен кейінгі ғұмыр, оны баянды етуді басты мұрат етеді. Баянды тәуелсіздік бар жерде ғана халықтарың көсегесі көгерер», дегендей әрбір қазақ баласының жүрегінде бойтұмардай сақталған ұғым, ол – Тәуелсіздік. Еліміздің кешегі сан ғасырлар тоғысында ұрпақ санасында қаларлықтай, орны толмас небір қиыншылықты, өтпелі кезеңдерді бастан кешірді. Ол жылдары қиын - қыстау, сындарлы жылдар болғаны бәрімізге мәлім.

2. Слайд. Екі топ өзара жаңа сабақпен өздері танысады, бір топ қазақ халқының тәуелсіздігі туралы ізденеді, ал екінші топ Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістігі туралы ізденеді (Ізденуге 7минут қорғауға 3минут беріледі, интернет, ұялы телефон қолдануға рұқсат беріледі).
3. Слайд. Топ ережелерімен таныстыру.
1.) Берілген уақытты үнемді пайдалану
2.) Сөздің көркемдігі, ойдың жүйелілігі
3.) Деректердің нақтылығы

5. «Екі жұлдыз, бір тілек». Екі топ бір - бірін бағалайды. (екі жақсы пікір, бір ұсыныс)

6. 4. Слайд. Екі топ оқушылары тәуелсіздік туралы тақтада көрсетілген екі ақынның өлеңдерін оқып талдайды.

7. Сергіту сәті. «Ыстық орындық». депутат рөлінде бір оқушы алдыдағы орындыққа отырады, отырған оқушылар депутатқа сұрақ қояды.
Мұғалім сөзі Мыңдаған жылдар бойы Қазақ елі тәуелсіздікті аңсап, Қазақ жастары сол үшін қан төгіп, тәуелсіздік үшін күресті. Бүгінгі таңда ата - бабаларымызды аңсаған сол азаттық күніне біз – ұрпақтары жетіп отырмыз. өзге күндерге ұқсамайтын, ерекше, қазақ үшін аса қасиетті мереке – Тәуелсіздік мерекесі. Аспанымызда қыранымыз қалықтап, елімізге шұғылалы күн шуағы шашылып, жылылыққа бөленгеніне жиырма жыл толып отыр. Осы аз уақыттың ішінде жас мемлекет болсақ та, ғасырға бергісіз жетістікке жеттік. Мұның бәрі бір күндік еңбектің ғана емес, айлап, жылдап төккен тер мен қайраттылықтың нәтижесі. Қазақ елі басынан көптеген қиыншылықтарды өткізіп қазіргі уақытты бейбіт күннің ақ таңын қарсы алып отыр. Қазағымыз егеменді ел атанып, мәдениетіміз бен салт - дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болып, көгеріп келе жатқанымызды қазіргі өскелең ұрпақ мақтанышпен айтады.
9. Бағалау. Топ басшысы бағалау парағынан оқушылардың сабақта алған бағаларын оқиды, және бағаларды алудағы оқушылардың жетістіктерін айтады.
10. Үйге тапсырма. «Тәуелсіз елімнің ертеңі Мен боламын» тақырыбында эссе жазып келу
11. Кері байланыс. Сабақтан алған әсерлерін оқушылар параққа жазып тақтадағы смайликтерге апарып жапсырады

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама