Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көбейту белгісі. Оның компонеттері.Көбейтуге берілген есептер.
Сабақ: математика
Тақырыбы: Көбейту белгісі. Оның компоненттері. Көбейтуге берілген есептер.
Мақсаты мен міндеттері: көбейту мен бөлу амалдарын орындауға үйрету;
1. Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру
2. Дамытушылық: оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: кесте;, қималы карточкалар, жемістер суреті.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Ауызша есептеу
Әр топта неше алмұрт бар? Барлығы неше алмұрт бар екенін қалай білеміз?
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Әр тәрелкеде неше алма бар? Қалай таптың? Оны өрнек түрінде жазып көрсет:
2+2+2=6 Екі алмадан неше рет алдық?(3рет) ендеше + қосу амалын математикада* көбейту амалымен алмастыруға болады
2*3=6 екі көбейту үш тең алты бұл көбейтінді

Көбейтінді - көбейткіш - көбейткіш

4+4 немесе 4-тен неше рет алдық (2 рет)
4*2=8
8: 2=4.
Есепті шығар:
Әр қорапта 6 түсті қарындаш бар. Екі осындай қорапта неше қарындаш бар.
1 қ.- 6
2 қ.-?
6*2=12(қ.)
Жауабы: екі қорапта 12 қарындаш бар.

Есепті шығар:
Балалар күзгі жапырақтардан 6 жапырақтан 8 гүлшоғын жасады. Балалар барлығы неше жапырақ жинады?
3. Жаңа білімді бекіту: 3, 4, 5, 6 сандарын: екіге арттыр және мәндерін тап: екі есе арттыр
3+2=
3*2=
+2=
*2 = т. с. с.
Салыстыр:
6... 3*2 ---------------- 3*3... 4*2 ------------------ 3*4... 2*5
2*2... 5 ---------------- 6*4.. 4*5 ------------------- 7*3.. 6*3

Сергіту сәті
Теңдеулер шеш:
х+264= 710
932 – х=456
х - 120=280
Ойын «Жапырақтарды жина»

2*2
3*2
4*2
6*2
5*2
7*2
6, 8, 2 цифрларын қатыстырып үш таңбалы сандар жаз.
Сандарды жүздік, ондық, бірліктер қосындысы түрінде жаз:
24, 600, 790, 403, 107, 562, 333, 47, 86, 106.
Өзіндік жұмыс
Көбейтіндіні қосынды түрінде жаз:
6*4
12*5
7*3
48*2
30*4
4. Үйге тапсырма:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама