Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Есірткіге жол жоқ!
Қызылорда қаласы,
№ 136 Т. Жүргенов атындағы мектеп – лицейінің
9 сынып оқушысы Мұрат Жанерке

«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА».

Есірткіге жол жоқ!

Махаббат пен достық сезім өміріме мән берер,
Қуаныш пен жұбаныштар көңіліме сән берер.
Армандар мен асқақ үміт мені алға жетелер
Әділетсіз, армансыздар еңсеңді лез түсірер.
Жаман әдет,
Жаман істер,
Есірткі мен нашақорлық,
Денсаулықты жоғалтар.
Ата - ананың үміттерін,
Мұғалімнің ақылдарын,
Ағалар мен әпкелердің ақ ниетін
Ақтау үшін түзу жолмен жүрейік!
Ауру, сырқау қиын күндер,
Тәуелділік, бағынулық,
Бостандықты жоғалту
Түн ұйқысын төрт бөлген
Аналарды жылату
Самғайтын асқақ бүркітті
Қанатынан айыру
Тамыр жаяр көк теректі
Мына өмірден жоғалту
Бүршік жарған бәйшешекті
Күн көзінен тұмшалау
Алдыңдағы болашақты
Өз қолыңмен қирату
Достарменен шаттанайық,
Ата - анамен мақтанайық,
Бауырларды қолдап біздер
Армандарды асқақ шыңға жетелейік
Бас имейік,
Тәуелді де болмайық.
Қуанышпен жастық шақты тойлайық
Әрқашан азат біздер болайық!

Жас ұрпақ, өскелең ұрпақ, ел болашағы. Еліміздегі әрбір шырақты сөндірмей, елді алға жетелейтін өскелең жастарды есірткіден аулақ болуға шақырамын! Ел болашағы – біздің қолда!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама