Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ескен Елубаевтың шығармалары. Тұйық етістіктің септелуі
Сабақтың тақырыбы: Ескен Елубаевтың шығармалары. Тұйық етістіктің септелуі.
Сабақтың мақсаты: а) Ескен Елубаевтың өмір жолымен таныстыра отырып, ақын шығармаларын білгізу. Тұйық етістіктің септелуі туралы мағлұмат беру;
ә) Жаттығу жұмыстары, мәтін арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
б) Ақын өмір жолы арқылы адамгершілік, елжандылық қасиеттерді бойларына сіңіру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сөздік, тапсырмалар
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ескен Елубаевтың өмір жолын түсініп оқу.
2. Көркем шығармадан тұйық етістіктің тәуелденген түріне 4 сөйлем тауып жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау.
- Қазіргі кезең балалар әдебиеті өкілдерінен кімдерді білесіңдер?
- Қ. Мырзалиевтің қандай шығармаларын білесіңдер?
- Қастек Баянбаев кім?
- Ескен Елубаев кім?
- Ескен Елубаевтың тұңғыш өлеңі қалай аталады?
2. Ендеше, балалар әдебиетінің өкілі – Ескен Елубаевтың шығармаларымен танысамыз.
А) Сөздік жұмысы
Ә) 3 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып не туралы айтылғанын анықтаңдар.
1. Сұрақ - жауап:
- Ақын шығармаларынан көрнекті орын алатын жанрдың бірі? /ертегілер, аңыздар/.
- Ақынның «Ақыл тіс» жинағына қандай шығармалары енген? /Асар, Жолбарыстар мен пілдер шайқасы, Кім қайда тұрады? Қолбасшы мен жолбасшы/.
- Қарлығаш туралы қандай шығармасы жарық көрді? /Қырғыннан құтқарған қарлығаштар/.
3. Тұйық етістік септелуі туралы мәлімет.
Септіктер Мысалдар
Атау бару, келуім, көрулері
Ілік барудың, келуімнің, көрулерінің
Барыс баруға, келуіме, көрулеріне
Табыс баруды, келуімді, көрулерін
Жатыс баруда, келуімде, көрулерінде
Шығыс барудан, келуімнен, көрулерінен
Көмектес барумен, келуіммен, көрулерімен
4. Тапсырмалар:
а) 1 - тапсырма. Әр сөйлемге сұрақ қойып диалог дайындаңдар.
ә) 2 - тапсырма. Ескен Елубаев өлеңін мәнерлеп оқу.
б) Мәтіннен тұйық етістік жұрнағы жалғанған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар. / көшуге, көш - түбірі, у - тұйық ет., ге - барыс септік, қуғындауға, түбірі – қуғын, да - зат есім. етіст. туд. жұрнақ, у - тұйық етістік, ға - барыс септік, шабуға, түбір - шап, у - тұйық етістік, ға - барыс септік.
В) Сөйлем мүшесіне талдаңдар:
Елге осы кезде жау шабады. Ел үдере көшеді.
ІҮ. Бекіту
Топтастыру стратегиясы

Ү. Үйге тапсырма
1. «Ақынның шығармалары», әңгімелеу.
ҮІ. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама