- 05 нау. 2024 01:20
- 266
Ақылды тыңдай білу де өнер
Тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнер
Мақсаты: Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
ақыл, өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер, Даналық сөздер сандығы, үлестірмелі кеспе қағаздар.
Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Үнтаспаға қосылып бәрі көңілді ән шырқайды.
Бақытты балалық шақ
Сөзін жазған: Н. Исабаев
Әнін жазған: С. Қалымов
Біз – бақытты баламыз еркелеген
Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең
Туған жердің аймалап самал лебі,
Отан – ана біздерді мәпелеген.
Қайырмасы:
Қандай жақсы бақытты балалық шақ!
Қандай әсем ойнаған қозы - лақ..
Құлыным! Деп әкешім еркелетсе,
Балапаным деп анам жаяр құшақ....
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелеу жүргізеді.
С. Ақаев «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»
Мұғалім балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қояды.
Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр.
Мақал - мәтел талдау
Ата – анаңның ақылы -
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы –
Сарқылмайтын көлмен тең.
Түйіндеме
Данышпан атаның ақыл кеңесі
1. Адамдарға ізет білдіріңдер!
2. Түсінбегеніңді сұрап алыңдар!
3. Айтылған сөзге мән беріңдер!
4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!
5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!
6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!
7. Үнемі үлкенді тыңдаудан жалықпаңдар!
Жағдаяттарды талдау
Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша жағдаяттарды шешеді.
Тапсырма: Жағдаят бойынша суреттердегі балаларға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Жаттығу
1. Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе қағаздарға жазылған даналық сөздерді дәптерлеріне жазып, жария етеді, есінде сақтайды.
2. Өздері тыңдап өскен, өмірде қолданып жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп, дәптерлеріне жазады және жария етеді.
Тапсырма
Сабақта Өздеріңе айтқан үлкендердің ақыл сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдер деген тапсырма беріледі.
Тапсырма: Дәптерде берілген бұлбұлдың, күйшінің, ұстаздың, баланың, әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағыларың келетіндігін жазыңдар.
Жаттығу
Қорытындылау.
Оқушылардың ойларын бекіту үшін «Қоржынға», «Ақылды бала» қандай болуы керек, әр оқушы өз ойын қағазға жазып қоржынға салады. Мысалы: өтірік айтпайды, сабақтан себепсіз қалмайды.
Бізге үлгі - өнеге болатын үлкендердің, даналардың ақыл - өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек, өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз. Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін, ақылын құлақ түріп, тыңдаған жөн.
Бәрі бірге орындарынан тұрып, «Ізеттілік әліппесі» қара сөзін оқиды.
Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.
Ізеттілік әліппесі
Сөзін жазған: А. Асылбеков
Әнін жазған: М. Әубәкіров
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем...