Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Еуразия материгінің ішкі сулары
Класы: 7 қазақ класы
Пәні: география

Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің ішкі сулары
Сабақтың мақсаты: Материктің ішкі суларының жер бедері мен климатқа байланыстылығын көрсете отырып, Еуразия өзендерінің, көлдерінің жалпы ерекшеліктерін, сондай - ақ, Тынық, Үнді, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхит алаптарының ерекшеліктерін түсіндіру, меңгерту.
Білімділігі: Оқушыларға Еуразия туралы мағлұмат беру
Дамытушылығы: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т. б. үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендер мен көлдер суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, тест, тірек - сызба,
Сабақтың көрнекілігі: Глобус, Еуразия материгінің физикалық картасы, слайдтар, прокет тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру(класс тазалығы, түгелдеу, т. б)

ІІ. Өтілген тақырыптар бойынша «Зымыран сұрақтар»
1. Еуразияда неше климаттық белдеу бар?(7 кл. белд)
2. Біз қай материкте тұрамыз?(Еуразия)
3. Қазақстан қандай климаттық белдеуде жатыр? (қоңыржай)
4. Ең аумақты климаттық белдеу? (қоңыржай)
5. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтетін белдеу? (субарктикалық)
6. Еуразияның ірі шөлдері орналасқан белдеу? (тропиктік)
7. Үндістан, Үндіқытай түбектері қай белдеуді қамтиды? (субэкваторлық)
8. Еуразия материгін неше мұхит суы шайып жатыр? (барлық)

ІІІ. Семантикалық кесте толтыру.
Алдарыңызда 4 негізгі климаттық белдеу берілген. Сипаттама берілген тұсқа «+» таңбасын қойып белгілеу.
Сипаттама ---------------------------------------------------- экваторлық ---- тропиктік ----- қоңыржай ---- арктикалық
Ең көп аумақты қамтиды
Аса ірі шөлдер орналасқан белдеу
Ауа температурасы - 40°, - 50° шамасында болады.
Жауын - шашын өте мол түседі

ІҮ. Жаңа сабақ. §20. Еуразия материгінің ішкі сулары.
Еуразия ішкі суға бай. Оңтүстік Америкадан кейін 2 - орын алады.

Еуразияның ішкі сулары

Өзендер
Көлдер
Жер асты сулары
Батпақтар
Мұздықтар
Тоңдар

Өзен алаптары
Тынық мұхиты -------------- Атлант мұхит ------------- Солтүстік Мұзды мұхит
Амур --------------------------- Дунай ------------------------ Лена
Хуанхэ ------------------------- Рейн ------------------------- Енисей
Янцзы ------------------------- Висла ------------------------ Обь
Меконг --------------------------------------------------------- Ангора

Үнді мұхит -------------- Ішкі тұйық
Үнді ---------------------- Еділ
Ганг --------------------- Жайық
Брахмапутра --------- Амудария
---------------------------- Сырдария
Картадан Еуразия өзендерінің алаптары(слайд) көрсету.

Көлдер
Ладога Онега Венерн Веттерн Каспий Арал Байкал

Жер асты сулары
артезиан суы ------------------- минералды су ------------------ радонды су
Батыс Сібір --------------------- Солт. Кавказ
Қазақстан ----------------------- Карпат
Орта Азия ----------------------- Алтай
Монғолия ------------------------ Тянь - Шань

Батпақ Еуразияда 80% алады. Батпақтар Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур бойы, Колхида ойпаты мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі.
Ү. Бекіту.
1) Географиялық диктант.
а) Су қоры жөнінен Еуразия........ орында тұр.
ә) Материктің 1/3 бөлігін ішкі..... құрайды.
б) Тынық мұхит алабына..... өзені кіреді.
в) Үнді мұхит алабына...... өзені жатады.
г) Атлант мұхиты алабына....... өзені жатады.
ғ) Солтүстік Мұзды мұхит алабына....... өзенін жатқызамыз.
д) Ішкі тұйық алапқа мына өзендер......... жатады.
Керекті сөздер: тұйық алап, Ганг, Енисей, Сырдария, Амур, екінші, Амудария, Дунай.

2) «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздегі әріптің орны ауыстырса, Еуразия материгіндегі өзен аттары шығады.
*Зяцны - ---------- * Алвис - ------- *Айунд -
*Мура - ----------- * Нүді - --------- * Гнга -
Дұрыс сөздер: Янцзы, Амур, Висла, Үнді, Дунай, Ганг
3). «Қай өзен артық?»ойыны. Сол алапқа жатпайтын өзеннің астын сыз.
а) Дунай, Хуанхэ, Висла, Рейн
ә) Лена, Обь, Дунай, Енисей.
б) Меконг, Висла, Амур, Янцзы
4) Кескін карта мен жұмыс. Кескін картаға Еуразияның ішкі суларын түсіру.

ҮІ Өзін – өзі бағалау парағы.
Бағалау критерийі: 33 - 35 ұпай «5», 18 - 32 ұпай «4», 0 - 17 ұпай «3»
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама