Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Қаздарым
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Қаздарым.
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбын қайталата отырып, Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя білуге жаттықтыру.
ә) Балалардың сөздік қорын байыту. ой - өрісін дамыту.
б) Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету, адамгершілік қағидаларын ұстана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау жинақтау сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: плакаттағы сөздер, карточкалар, сюжеттік ойындар
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
А) Шаттық шеңбері
II. Үй тапсырмасын сұрау:
- Мамыр өлеңін жатқа сұрау
- Мамыр туралы өз тілдерімен әңгімелету
III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Күн ашылды. Самал жел соқты. Балалар асыр салып ойнады.
Сөйлемдегі сөздер байланысын анықтаңдар.
IV. Мақсат қою кезеңі: Сандар сөйлейді.
Қ -----7+3
з -----8 - 2
а -----10 - 5
р -----7+2
д -----4+3
а ---- 7 - 2
м -----9 - 6
ы-----10-2

V. Мағынаны тану: Қаздарым
- Автор туралы мәлімет: Құрманбай Толыбаев Игілікұлы
1926 жылы 14 наурызда Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге келген. Балалар жазушысы. Мұғалім редактор қызметін атқарған. Балаларға арналған өлеңдері көп.
- Соның ішінде біз Қаздарым өлеңімен танысамыз.
Қаз бұл не? Ол қандай?
Қаз суда да, құрлықта да өмір сүре алады. Жабайы және асыранды түрі бар. Салмағы ірі, мойны ұзын, тұмсығы жалпақ, мықты, аяғы қысқа, қауырсыны қалың құс. Суда 40 метр тереңге сүңгиді, суыққа төзімді, маңғазданып, кербез теңселіп жүреді. Жеміс жапырағымен қоректенеді. Ұясын үй маңына, таяз су бетіне салады. 5 - 20 жұмыртқаны 20 - 40 күнде басып шығарады. Кейбірі 80 жасқа дейін өмір сүреді. Балапаны – мамыр. Майы күйікке пайдалы.

Мәтінмен жұмыс:
- Қаздарым өлеңін мәнерлеп оқу
- Оқушыларға рөлге бөліп оқыту

Сөздік жұмыс.
Сайда –
Көл - қопаң –
Өлеңді рөлге бөліп оқыту.

Не үйрендік, не білдік?
v ------ Жабайы және асыранды
+------ 80 жасқа дейін өмір сүреді. Балапаны мамыр деп аталуы.
- ------ Қаз майының күйікке пайдасын
? ----- Су тереңдігіне сүңгу себебін білгім келеді?

- Балалар қарлығаш қандай құс? (Қарлығаш)
Дәптермен жұмыс:

- Қарлығаш туралы оқулықта берілген 163 жаттығуды орындайық.
Сөйлемді көшіріп жазу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің байланысын табыңдар.
Айдар балапанды ұяға салды.

Сергіту сәті
IV. Ой толғаныс:
Автор орындығы:
№1Қаз қандай сипаттама бер
№2Қаздың тіршілігі туралы не айтуға болады?
№3 Қаз ұяларын қайда салады?
№4Ол немен қоректенеді?
Топтастыру:
Қаз

Жабайы және асыранды
Салмағы ірі, мойны ұзын, тұмсығы мықты, жалпақ аяғы қысқа
Балапаны Мамыр
Суда және құрлықта

Шығармашылық жұмыс:
1 топ:
Бес жол өлең
1. Көл
2. Айдын, мөлдір
3. Ағады, тұнады, мөлдірейді.
4. Көлдің көркі көз тұндырады.

2 топ:
Мақал мәтел
1. Аққусыз ------------
2. Отансыз адам ------------

3 - топ:
Төрт жол өлең
-------------- жағасында
-------------- қаласында.
-------------- аламыз
------------- сағасында.
Сұраққа жауап: Кубизм әдісі:
1. Қандай өлеңмен таныстық?
2. Өлеңнің авторы кім?
3. Өлең не туралы?
4. Қазды сипаттап бер
5. Өлеңде сөйлемнің қандай түрлері бар?
6. Сөйлемдегі сөздер байланысын анықта:
Дыбыстық талдау:

Бағалау;
Үйге тапсырма:«Қаздарым»өлеңін мәнерлеп оқу, жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама