Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 55 минут бұрын)
Ғалым Каспий теңізінің жойылу қаупін бағалады

Каспий теңізінің деңгейі жақын жылдары қазіргі -29,3 метр шамасындағы белгіде тұрақталатын болады. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Су проблемалары институтының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы Михаил Болгов мәлімдеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Теңіз деңгейінің өзгеруі

Ғалымның айтуынша, 1995 жылы теңіз деңгейі -26,5 метр болса, қазіргі уақытта -29,3 метрге дейін төмендеген. Климаттық жағдайлардың өзгеруіне байланысты, жақын жылдары теңіз деңгейінің қазіргі белгіде қалыптасатыны болжануда.

«Болжам бойынша, деңгейдің ауытқу амплитудасы үлкен болуы мүмкін. Орташа квадраттық ауытқуы шамамен бір метрді құрайды», - деді Болгов.

Каспий теңізі жойылып кетпейді

Маманның сөзіне сенсек, жақын болашақта Каспий теңізі жойылып кетпейді. Оның деңгейі 20 жылдық төмендеуден кейін теңесу күйіне жеткен.

«Жақын жылдары белгілі бір тұрақтандыруды күтеміз, себебі деңгей шамамен 20 жыл бойы төмендеп, теңесу күйіне жетті. Осы теңесу айналасында ол үлкен болжамдық интервалмен ауытқуы мүмкін, бірақ 30 метрге дейін төмендемейді. Жақын болашақта Каспий сақталады», - деп сендірді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің деңгейі 1990 жылдардың ортасынан бастап үнемі төмендеп, 2025 жылға қарай -29 метрден төмен рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. 2025 жылы Қазақстан мен Әзербайжан көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев өз сөздерінде бүкіл аймақ үшін экологиялық апат қаупі туралы ескерткен еді.

Жаңалықтар

Жарнама