Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 10 мау. 2026 07:30
- 38
«Халық таныса болды»: Жүсіп Ақшора мемлекеттік марапаттарға неге мән бермейтінін айтты
Танымал актер Жүсіп Ақшора отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында осы күнге дейін мемлекеттік марапат алмағанына қатысты пікірін білдірді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марапаттар маңызды емес
Өнер иесінің айтуынша, атақ пен марапат оның өміріндегі басты құндылық емес. Ол үшін халықтың ықыласы мен құрметі әлдеқайда жоғары бағаланады.
«Бұл маған мүлде маңызды емес. Біреудің маған атақ бергені керек емес. Тіпті “Халық әртісі” атағының да қажеті жоқ. Егер халық сені танып, суретке түсіп, “Ассалаумағалейкум” деп құрмет көрсетсе — сол жеткілікті. Нағыз халық әртісі деген сол», — деді актер.
Бұған дейінгі жағдай
Бұған дейін бірқатар өнер адамдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтар алған болатын. Марапат иелерінің қатарында әнші Дастан Оразбеков те бар.
Сол кезде әлеуметтік желі қолданушылары «Шаншар» әзіл-сықақ театрының актерлері Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшораның әлі күнге дейін мемлекеттік награда алмағанын жарыса жазған еді.