Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 08 нау. 2026 12:00
- 30
Ирандағы жағдай шиеленісуде: Хаменейдің ұлы шабуылдан жарақат алды
Ирандағы саяси жағдай шиеленісе түсуде. Соңғы мәліметтерге қарағанда, елдің діни көшбасшысы Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей ел аумағына жасалған бомбалау шабуылдарының бірінде жарақат алған.
Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Моджтаба Хаменей тірі, алайда алған жарақатының ауырлығы әлі нақтыланбаған.
Бұған дейін АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы бергені хабарланған болатын. Бұл шабуылдардан кейін Иран да Израиль мен Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларына жауап ретінде соққы жасады. Осы оқиғалардың салдарынан Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменей қаза тапты деген ақпарат таралды. Елде 40 күндік аза тұту жарияланған.
Иранның Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшыны сайлау үшін отырыс өткізуі мүмкін екені айтылуда. Араб БАҚ-тары Моджтаба Хаменейді Иранның келесі басшысы болуы ықтимал кандидаттардың бірі ретінде қарастырып отыр.