Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 минут бұрын)
Қазақстандық файтер UFC-де алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожай (11-2) UFC-де алғашқы жеңісін тойлады.

Бұл жеңіс АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде тіркелді. Нұрғожайдың қарсыласы бразилиялық Рафаэл Тобиас (14-2) болды. Қазақстандық спортшы үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Бұл – Нұрғожайдың UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегі. Алғашқы кездесуінде ол бразилиялық Брендсон Рибейроға есе жіберген болатын. Кейіннен, тамыз айында қырғызстандық спортшы Уран Сатыбалдиевке демде ұтылды.

Дияр Нұрғожайдың ММА карьерасындағы жалпы жеңістерінің саны 11-ге жетті. Ал Тобиас болса, 14 жеңісімен қатар, екінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, UFC 326 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы америкалық Макс Холлоуэй мен бразилиялық Чарльз Оливейра кездеседі.

Жаңалықтар

Жарнама