Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 07 ақп. 2026 11:00
- 12
"Жаныңыз жәннатта болсын": Роза Рымбаеваның келіні қайғылы хабар жеткізді
Кеше ғана әсем әнімен елді тәнті еткен Ақерке Бүркітбайдың шаңырағына қайғы келді. Әншінің айтуынша, оның өнер жолына бағыт сілтеп, қанат қақтырған ұстазы Сұлухан Қожантаева дүниеден озды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұстазға арналған сағыныш
Ақерке Бүркітбай желідегі парақшасында ұстазына деген сағынышын жеткізді. Оның айтуынша, Сұлухан апайы оған қобыз үйретіп, өнердің шыңына шығарған жан еді.
«Бүгін жүрегіме ауыр хабар жетті. Алғаш рет қолыма қобыз ұстатып, өнердің есігін ашқан аяулы Қожантаева Сұлухан апайым өмірден өтті. Сіздің әр сабағыңыз, әр жылы сөзіңіз менің жүрегімде мәңгі сақталады. Қобыздың үнімен бірге берген тәліміңіз бен мейіріміңіз өмір бойы менімен. Әкем алғаш жетектеп Кіші Өнер Академиясына алып барғанда, сіз тек ұстаз емес, жалпы өнерге деген сүйіспеншілікті, қобыз аспабына деген махаббатымды ояттыңыз. Жаныңыз жәннатта болсын, апай», – деп жазды Ақерке.
Көпшілік әншіге көңіл айтып, жақсы тілектерін жаудыруда.