Photo: Francesco Ungaro (https://www.pexels.com/@francesco-ungaro) / Pexels
- 07 ақп. 2026 10:01
- 15
Үйдің берекесі әйелге байланысты: Тұрсынбек Қабатовтың жары тұрмыстық жағдайын көрсетті
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Айман Талғатқызы желідегі жазбасында тұрмыстық жағдайын көрсетті. Ол өзін «дайынға келдің» деп сынағандарға жауап берді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айманның жазбасы
Айманның айтуынша, үйде ас үй жиһазы әлі толық келмеген. Сондықтан кейбір шаруаны уақытша қолмен атқарып жүр. Суды да тасып ішіп отырғандарын жасырмады. Дегенмен, ол мұндай жағдайға мойымайтынын, керісінше шүкіршілік ететінін жеткізді.
«Ыдысты да қолмен жуамын десем, сенесіздер ме? Бірақ солай. Есесіне рухани баймын. Негізі неше түрлі ас пісіре аламын, бірақ ас үйдегі жиһазым келсін. Сосын патырлатып көрсетіп, салып отырамын. Әзірге лажы осы. Суды да тасып ішіп жүрміз. “Дайынға келдің, аспаннан салбырап түстің” демеңдер, айналайындар. Сондықтан үйдің әр бұрышының әдемілігі, иісі мен берекесі әйелге байланысты. Жоқ деп жылап, қайғырып жатқаным жоқ. Керісінше, шүкір. Адал еңбекпен келген әр бұрышта, әр затта береке бар, түсінген жанға. Осы барыммен күнде тамақ жасап, бірге бөлісіп отырайық, қалай?», - деп жазды Айман.
Пікірлер
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырды. Біреулері қолдау білдірсе, енді біреулері тұрмыстың уақытша екенін айтып, сабырлық тіледі.