Жастар діннің тірегі
Досқұл Дастан Ермекұлы
Халықаралық инжинерлік-технологиялық
Университиеті 1 курс студенті
Мақала Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан байқауға дайындалды
Дін-рухани мәдениет феномені. Жалпы дін адамзат тарихында жаңа дүниетаным, сенім, моральдық құндылықтардың шығу тегі болып саналады. Діннің дүниетанымдық, мәдени-өркениеттік және гуманистік мәні ерекше.
Жастар-діннің тірегі
Ата-бабаларымыз сан жылдардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі руханиятымыздың тамыр-тамырына қан жүгіріп, елімізде Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Бұған республика көлемінде жүріп жатқан оң өзгерістер дәлел. Айталық, діни баспалардың ашылуы, бірқатар діни газет-журнал, интернет сайттары, БАҚ-та рухани тақырыптарға мақалалардың көбеюі, телеарналар мен радиода діни бағдарламаларға мүмкіншілік беріліп, мектептерде дінтану пәнінің жүргізілуі, жер-жерлерде мешітеріміздің көптеп бой көтеруі.
Жастар бір мемлекеттің ертеңгі құрушысына немесе бұзушысына aйналып кете баруы да мүмкін. Қaзіргі қоғам жастардың діни сауаттылығының төмен дәрежеде сипатталуымен қатар, діннің атын жамылған саяси миссионерлік секталар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтасқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді. Енді өз отандасымызбен, отбасымыздың мүшесімен, ағайынымызбен тартысқа түсетін халге жеттік. Алайда бұл ағымдағылар өздерін шынайы діндар және ақиқат жолындағылар ретінде санайтындықтан, олардың қатары әлі де болса көбею үстінде. Радикалды діни топтар жастарды арбағанда «исламды жаю үшін жиһад жасау керек» деген уағыз айтады. Мұндай жолдарға, керітартпа ағымдарға кетпеудің ең әуелгі жолы – діни сауаттылықты арттыру. Ал өзіндік ұстанымы мен пікірі болмаған жастар әркімнің жетегінде кетіп, елдің сорына айналады.
Жаһандану дәуірі біздің қоғамның жастарына әсер ептей қоймады. Жастардың болшағына және мемлекетке қауіп төндіретін басты проблемалар да бар. Бүгінде замандастырымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес. Бүгінгі таңдағы жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен теріс бағыттағы діни ағымдар - қоғамымыздағы үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Теріс пиғылды бұл діни ағымдар қоғам тұтастығын бұзып, азаматтарымызға әсіресе жастарымызға ерекше әсер етіп, оларды теріс жолға салумен келеді. Түрлі теріс бағыттағы көзақарстарға еріп кету кесірінен көптеген отбасылардың ажырасуы, отбасы институтына кері әсер етіп, еліміздің бейбіт өміріне қауіп төндіруде. Олар - дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, мәдениетімізден, ділімізден, тілімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, тарихымызды ұмыттырғысы келеді. Әсіресе, бүгінгі күннің өзекті мәселесі мектеп жасындағы қыз балалардың мектепке орамал тағып баруды жөн санап отырғандығы катты қынжылтады. Мектеп формасы туралы арнайы заң бар. Ол қатаң сақталу керек. Біз зайырлы мемлекетпіз. Зайырлы мемлекет болғандықтан оның талаптарын орындауымыз керек. Әр дін өкілдері өзінің атрибуттарын тағып, мектепке келсе не болады? Балалардың мектепке келудегі басты мақсаты – білім алу. Сол себепті министрліктің арнайы бекіткен мектеп формасын сақтау қажет.
Психология саласының мамандары адам баласының құбылыс екендігі, кез келген ортада психологиялық әрі әлеуметтік мәжбүрлікпен болған жағдайда, сол ортаның жалған идеяларына сіңісіп, ол идеяларды өте келе ақиқаттай көретінін алға тартады. Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ұйымдардың және тоталитарлық секталардың көбеюі мен оның қатарына жастардың жалпы халықтың көптеп тартылуы көпұлтты мемлекетіміздің ұлтаралық татулық пен тұрақтылығына зардабын тигізуі мүмкін. Жастарды өзгеше ойлауға жол бермеу мүмкіндіктерінің бірі, ол – спорттық және өнер орындарына тарту жұмыстары болмақ. Себебі, қолы бос жастардың уақытты өткізу ермегімен әлеуметтік желілердегі теріс идеяларға байлану мен топтасу арқылы заңсыз әрекеттерге ұрыну жағдайларын туындататыны анық. Сондықтан мәдени және спорттық нысандар салынып, жастарды теріс ағымдардан сақтандыру жұмыстары елімізде қарқын алу керек.
Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің назарында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.