ашық дереккөз
- 21 сәу. 2026 12:00
- 29
Белгілі дирижер ұшақ бортында қайтыс болды
Ресейдің халық әртісі, Санкт-Петербург симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Сергей Стадлер Стамбулға бара жатқан ұшақ бортында қайтыс болды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Музыканттың денсаулығы Санкт-Петербургтен Стамбулға ұшып бара жатқан кезде күрт нашарлаған. Осыған байланысты әуе кемесі Румыния астанасы Бухарестке шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Алайда, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, атақты дирижердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қайғылы жағдай туралы Санкт-Петербург қалалық әкімдігі хабарлады.