Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жемқорлыққа қарсы омбудсмен білім министріне үндеу жолдамақшы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен Сырым Әбдіраxманов мектеп оқулықтарының мазмұнына қанағаттанбайды.

«Енді, білім жағынан бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Оған дау жоқ. Жетістіктер де жоқ емес. Дегенмен, Білім және ғылым министрлігінің мектеп оқулықтарын даярлау жұмысы менің көңілімнен шықпайды. Сондықтан менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен ретінде министрге үндеу жолдау жөнінде жоспарым бар», - дейді Әбдіраxманов.

Омбудсменнің айтуынша, бүгінде мектеп жасындағы балалардың тәрбиесіне қатысты идеология дұрыс жүргізілмейді. Ал оқулықтардың мазмұны күрделі болғаны сонша баламен үш-төрт сағат отыруға тура келеді. «Соған менің көңілім толмайды. Осыған байланысты біз министрлікпен бірігіп, жұмыс жасауымыз қажет. Зерттеу институттарының басын қосып, бір комиссия құрсақ та болады. Сөйтіп, 1-сыныптан бастап 5-сыныпқа дейінгі оқулықтардың барлығына зерттеу жүргізуіміз керек. Бұл - менің жеке азамат ретіндегі емес, қоғамдық омбудсмен ретіндегі ұстанымым. Менің өзімде екі бала бар. Жолдасым шаршағанда мені көмекке шақырады. Сонда бәрін түсіндіргенше үш-төрт сағат отырамыз. Бала түсінбейді. Ол кемістігінен емес, оқулықтардың ауырлығынан, күрделі болғанынан түсінбей жатады. Ондағы тапсырмалар баланың жасына сәйкес келмейді. Екі баласы бар біздер қиналсақ, көпбалалы отбасылар не істейді?», - деп атап көрсетті Әбдіраxманов.

Айта кетейік, Қазақстанда қоғамдық дауыс беру арқылы төрт қоғамдық омбудсмен сайланған болатын. Олар - балалар құқықтарын қорғау жөніндегі жемқорлыққа қарсы қоғамдық омбудсмен Жанна Аxметова, бизнес пен қаржы-экономикалық саланы қорғау жөніндегі қоғамдық уәкіл Денис Кривошеев, сыбайлас жемқорлық саласындағы заңнаманы сақтау жөніндегі қоғамдық омбудсмен Сырым Әбдіраxманов және құқық қорғау мен бюджет саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Дина Елгезек.

Дереккөз: ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама