Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жыл басына таласқан жануарлар
Жыл басына таласқан жануарлар
Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру, берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.
Көрнекілік: түрлі түсті суреттер, сурет салуға арналған құралдар.

Ұйымдастырушы лық оятушылық
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
- Кәне, балалар, дөңгелене тұрып, бір - бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. балалардың бір - біріне білдіретін тілектері:
- Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.
- Дос болайық!
- Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар.
- Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын

Ұйымдастырушы лық - ізденушілік
"Ойлан, тап" дидактикалық ойыны. шарты: балалардың білетін шығармаларынан үзінді оқиды. Балалар оның қай шығарма екенін тауып айтады.
- Тышқан наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.
-"Нан қайдан келеді?" ертегісі.
- Тапқан екенсің дәмді тамақты. Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,- деді Қоян
-"Не дәмді?" ертегісі
"Жыл басына таласқан жануарлар" ертегісін мәнерлеп оқиды. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегінің басы қалай басталады?
- Ертегі қалай аяқталады?
- Жыл басы қай жануар болды?
- Түйе неге жыл басы бола алмады?

Сергіту сәті:
Саусақтарым бір - бірімен амандасайық.
Саусақтардан гүл ашайық
Саусақтарды ашып - жұмып
А - ә, г - ғ, ү - ұ, н - ң, к - қ, о - ө
Дыбыстарын дұрыс айтайық.
"Кім зерек?" логикалық ойыны. Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.
"Қайсысы қалай дыбыстайды?" ойыны.

Рефлекстік – түзетушілік Е. Өтетілеуұлының "Жыл аттары" өлеңін оқып беру, жаттату.
Жыл аттарын болсақ талдап
Енді пікір алысайық
Әрқайсысын жорамалдап
Жеке - жеке танысайық.
- Әрқайсысын жеке - жеке орналастырайық: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жылы

Күтілетін нәтиже
Білуі тиіс: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі
Түсінігі: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз
Көрсете білуі: әрқайсысын жеке - жеке орналастырды.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№1 жалпы орта білім беретін мектеп
мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі
Кульчикова Марал Насиповна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама