Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғажайып дорба
Ғажайып дорба
Мақсаты: Балаларға қызықты көңілді ойындарды пайдалана отырып, ойын арқылы балалардың білімдерін жетілдіру, пайдалы дәрумендер туралы білімдерін бекіту. Балаларға қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту, көкөністер жайлы білімін тереңдету. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой - өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шағын маркет, дүкен тауарлары, көкөністер салынған дорба.
Биллингвальды компонет: Көкөністер – овощи, дүкен – магазин, заттар - товары.
(Балалар шағын маркетке келеді.)
Шағын маркет ішінің көрінісі:
Шағын маркетке бір топ бала келеді.
Дүкенші:
- Балалар, келіңдер, менің дүкенімде сендерге арналған тәттілер, шырындар, чипсилар, сағыздар бар, не аласыңдар?- деп балалардың қызығушылығын арттырады.

Балалардың әртүрлі заттарға қызығушылығы артып, алғысы келеді. Осы кезде дүкенге қолында сиқырлы сандықшасы бар бағбаншы атай келеді.
- Сәлеметсіңдерме балалар,
- Сәлеметсізбе бағбаншы атай.
- Ой, балалар, сендер дүкеннен не сатып алайын деп жатырсыңдар? Оларды көп жеуге болмайды гой, денсаулықтарыңа зиян болады. Балалар менің қолымдағы сиқырлы сандықтың ішінде сендерге пайдалы әрі қызықты зат бар сияқты. Бұл сандықты ашуға маған көмектесесіңдерме?
- Қане, балалар, Бағбаншы атайға сиқырлы сандықты ашуға көмектесейік.

Бағбаншы атай:
- Бұл сандықты ашу үшін бізге кілт керек. Бірақ менің қолымда ешқандай кілт жоқ.
Қоян: Мен сендерді білімді, тапқыр деп естіп едім сол себепті сендерге бағбаншының сиқырлы сандығының кілтін алып келдім. Бұл кілтті сендерге тек менің жұмбақтарымды шешуін тапқанда ғана беремін.
Жарайсыңдар балалар! Секендер білімді екенсіңдер.

1 - тапсырма жұмбақ жасыру:

- Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты (Алма)

Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң -
Майда, майда қызыл шоқ. (Анар)

Отыз көйлек киінген,
Бір түйме жоқ ілінген (Қырыққабат)

- Жарайсыңдар, балалар.
- Бұл сандықты ашу үшін оның аузында сендерге тапсырма бар екен. Сендерге екінші тапсырмамды айтайын:

Дидактикалық ойын: «Дәмін тауып ажырат»
Мақсаты: Кесілген жеміс - жидектердің дәмін тату арқылы қандай жеміс екенін ажырату.

- Жарайсыңдар, балалар.
Бағбаншы сандықтың кілтін ашады. Сандықтың ішінде сиқырлы дорба болады.
Бағбаншы:
- Балалар, бұл сыйқырлы дорба, оны ашу үшін үшінші тапсырманы орындауымыз керек.
Эстафеталық ойын: «Картопты жинау»
Мақсаты: Бір себеттен екінші себетке картопты қасыққа салып апару.
- Жарайсыңдар, балалар, тапқыр, шапшаң екенсіңдер. Міне сиқырлы дорбаны да аштық.
Бағбаншы атай дорба ішіндегі жеміс - жидектерді балаларға сыйлайды.
Тәрбиеші:
- Балалар біздер Бағбаншы атайға ризашылығымызды білдіріп, өзге ұлттың тілінде жеміс - жейдектер туралы ән айтып берейік.
Ән: «Жемістер мен көкөністер»
Бағбаншы атай:
- Менде бау бақшама барайын, сау болыңдар балалар. Қоян сенде менімен бірге жүр.
Балалар бағбаншы атаймен қоштасады.
Балалар бүгінгі ойын - сауықтан алған әсерлеріңізді тақтада көрсетілген смайлдар арқылы көрсетейік.

Атырау қаласы,
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасы I санатты тәрбиешісі
Қарасаева Гүлнар Жұмабайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама