Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Журналист Гүлбану Әбенова: Кейбір компаниялар жарнама үшін пәтер таратып, өз өнімін өзі тұтынбайды

Журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желідегі жазбасында кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Мақсатқызына қатысты пікір білдірді. Ол қазіргі нарықтағы кейбір үрдістерді сынға алып, өндірушілердің өздері тұтынбайтын өнімдер арқылы да қомақты табыс тауып отырғанын айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Адам өзі қолданбайтын тауардан да миллион, тіпті миллиард табады. Өз өнімін өзі тұтынбауы да мүмкін», - деді журналист.

Сонымен қатар Гүлбану Әбенова “Цесна” өнімдеріне қатысты ойын айтып, қаптамада көрсетілген салмақ пен нақты өнім мөлшері сәйкес келмейтінін алға тартты. Оның пікірінше, мұндай жағдай тұтынушылар сеніміне кері әсер етеді.

«Етке арналған қамырды көптен бері “Цеснадан” аламыз. Бұрын да айтқанмын: қаптамадағы салмақтан аз болып шығады. Бұл – адалдыққа жатпайды», – деді ол.

Журналист сондай-ақ кейбір компаниялардың жарнамалық акцияларын да сынға алды. Оның айтуынша, пәтер немесе қымбат сыйлықтар тарату арқылы жасалатын PR қоғамда әрдайым дұрыс қабылданбайды.

«Пиар үшін пәтер таратып жатыр. Бірақ әзірге ол үйлерге ешкім кірген жоқ, адамдар тек сертификат ұстап отыр. Соның орнына қызметкерлерге лайықты жалақы төлеуге болмас па еді?» – деп жазды Әбенова.

Жаңалықтар

Жарнама