Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жүздіктерді қосу және азайту
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
Апайларды көргенде,
Достарымды көргенде,
Қуана қуана амандасамыз,
Сәлеметсіз бе, апай!
Сәлем, сәлем, сәлем!
Қол. Бас. Жүрек.
-Балалар, бүгінгі сабақта бізге Шульманның 3 көмекшісі қажет болады. Олар: бас, қол, жүрек.
     
-Біз бүгінгі сабағымызда миымызбен жақсы ойланып, ойлағанымызды қолымызбен іске асырып, мейірімді жүрегімізбен сезіну керекпіз.

(Ұ, Ө) Жүздіктер туралы білімін қайталау.
Алдымен оқушыларға қағаз таратылып беріледі.
Оқушылар мұғалім сұрағына жауаптарын қолдарындағы қағазға жазып көрсетеді.
10 бірл. = 1 онд.
1 онд. = 10 бірл.
10 онд. = 1 жүзд.
1 жүзд. = 10 онд.
1 м = 100 см
1 ц = 100 кг
(Ұ) Оқушылармен диалог құру
(Оқушыларға кәмпиттерді көрсетіп, 1 кәмпит - 1 бірлікке тең екенін айту. 1 қалтаға 10 кәмпиттен салдырып, бұл 1 қалта 1 ондықты құрайтынын айтамын. Ал 10 қалта 1 жүздікті, яғни 10 қалтада барлығы 100 кәмпит бар екенін айтамын.)
- Балалар, біз 100 - ге дейін санап үйрендік және санауды түрлі «қадамдармен» (бірліктермен, ондықтармен) жүргіздік. /оқушылардың жауабын тыңдау/
100 - ге дейін өсу және кему ретімен санату.
(Ұ) Оқушылардың өздеріне таныс сан түзуін қарастыру.
- 100 - ге дейін қалай тез санауға болатындығын білесіздер ме?- проблемалық сұрақ қойып, оқушылардың пікірлерін анықтау.
100 - ге дейін ондықтармен өсу және кему ретімен санату.
- 100 - ден кейін қандай сан келеді?»
- Одан кейін ше?
100 - ден 1000 - ға дейін жүздіктермен өсу және кему ретімен санату.
- Ендеше, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
(ТЖ) 1 - тапсырма. Жазуларға қарап, толық жүздіктерді қалай қосуға және азайтуға болатынын түсіндір.
а) 2 + 1 20 + 10 200 + 100
3 – 1 30 – 10 300 – 100
ә) Есепте.
300 + 100 = 3 жүзд. + 1 жүзд. 400 + 500
1000 – 100 = 10 жүзд. – 1 жүзд. 800 – 200
Дескриптор:
1. Берілген тапсырмаларды топта талқылайды;
2. Жүздіктердің қалай құрастырылғанын түсіндіреді;
3. 10 бірлікте қанша ондық барын біледі;
4. бір жүздікте қанша ондық бар екенін айтады;
5. 100 санының моделін құрастырады;
ҚБ « Смайлик» арқылы бағалау
(ЖЖ) 2 - тапсырма. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
Тапсырманы орындамас бұрын, таразының суреттерін көрсету. Таразымен нені өлшейміз? (масса)
Массаның қандай өлшем бірліктерімен таныстық? (кг, ц)
1 ц – де неше кг бар? (100 кг)
100 кг – да неше ц бар? (1 ц)
200 кг = ц 700 кг = ц
900 кг = ц 100 кг = ц
400 кг = ц 1000 кг = ц
Дескриптор:
1. Берілген тапсырманы жұпта талқылыйды;
2. Толық жүздіктерді қалай қосып, азайтуға болатытын түсіндіреді;
3. 100 - ге дейінгі сандар, 1000 - ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтайды;
4. Өлшем бірліктерін өрнектеуді біледі;
ҚБ «Бағдаршам» арқылы бағалау
Сергіту сәті
(ӨЖ) 3 - тапсырма. Есепте
а) 400+200 300+200+300 900 - (300+100)
700 - 200 1000 - 400 - 100 600+300 - 100
ә) 25 + 3 79 – 5 49 + 2 26 – 9
78 – 6 45 + 3 27 – 8 31 – 7
34 – 2 96 – 2 45 + 6 27 + 9
23 + 4 35 – 2 38 + 3 42 – 8
Дескриптор:
1. Жүздіктерді қосып жəне азайтуды біледі;
2. Есептің мәнін табады;
ҚБ «Бас бармақ» арқылы бағалау
(ТЖ) 4 - тапсырма. Есептердің берілуін салыстыр, оларды шығар
а) Біздің мектепте 600 оқушы бар, ал көрші мектепте бізден 200 оқушы артық. Көрші мектепте неше оқушы бар?
ә) Біздің мектепте 600 оқушы бар, бұл көрші мектепке қарағанда 200 оқушыға артық. Көрші мектепте неше оқушы бар?
б) Біздің мектепте 600 оқушы бар, бұл көрші мектепке қарағанда 400 оқушыға кем. Көрші мектепте неше оқушы бар?
в) Бір мектепте 400 оқушы, ал көрші мектепте 500 оқушы бар. Екі мектепте барлығы неше оқушы бар?
Дескриптор:
1. Берілген тапсырманы топта талқылып, орындайды;
2. Жүздіктермен салыстыруды үйренеді;
3. Бір - бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды;
ҚБ «Фигуралар» арқылы бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама