Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 34 минут бұрын)
"Жылап, жаман болдым": Мақпал Жүнісова өмірдегі қиын сәтін бөлісті

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірін еске алды. Желідегі парақшасында жариялаған архивтік видеосымен бөліскен өнер иесі, бір кездері ірі байқауда жеңіске жеткенімен, финалға қатыса алмағанын айтып, көзіне жас алғанын жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байқауда жеңіп, финалға шыға алмаған кез

Әншінің сөзінше, Алматыда өткен байқауда 3000 адамның ішінен дауыс жинап, жеңімпаз атанған. Финалға Мәскеуге дайындық екі айға созылғанымен, тек екі апта қалғанда мәдениет министрлігінен хабар келіп, іріктеуде мүлдем қатыспаған Бақтияр Тайлақбаевтың финалға баратыны белгілі болған.

«Мен жылап, жаман болған кез еске түсті», - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Жаңалықтар

Жарнама