Photo: alleksana (https://www.pexels.com/@alleksana) / Pexels
- 26 сәу. 2026 20:00
- 29
«Тупорылые мамбеты из аула»: Желтоқсан құрбандарын қорлаған әйел жұмысынан қуылды
Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған пікірлері үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы @ztb_qaz телеграм арнасы хабарлады.
Threads желісінде жарияланған пікірінде әйел желтоқсаншыларды «тупорылые», «мамбеттер» және «ауылдан келгендер» деп кемсіткен. Бұған қоса, ол Қазақстанға және депутат Жаңбыршинге қатысты да қорлайтын сөздер айтқан.
Бұл жазбалар әлеуметтік желіде тез тарап, қоғамда наразылық тудырды. Қазақстандықтар мемлекеттік органдарға шағымданып, әйелдің әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша тексеруді талап етті.
Желі қолданушылары әйел жұмыс істейтін компанияға да наразылық білдіріп, оның 2GIS жүйесіндегі рейтингі күрт төмендеді. Нәтижесінде, әйел қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.