Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Керек-жарағымды әзер арқалап жүр едім...

Қожанасыр жас кезінде жоқтан өзге керекті-керексіз нәрсенің бәрін арқалап жүреді екен. Оған жаны ашыған біреу осы бір күнәсіз жанға ат мінгізіп, сауабын алайыншы деп ойлапты. Келесі күні жаңағы кісі келе жатса, Қожекең тағы сол жүгін арқалап, берген атты жетектеп жаяу келеді екен.

— Оу, Қожеке, жүкті арқалап, атты жетектеп алғаныңыз қалай? — депті әлгі кісі.

Сонда Қожанасыр тұрып:

— Керек-жарағымды әзер арқалап жүр едім, сен ғой, ат беріп тағы бір әуреге салып қойған, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама