- 08 ақп. 2020 00:00
- 208
Тазы мәсіні үйге әкелді ме?
Қожанасыр қой бағып жүріп бір күні қайта-қайта түлкі көреді. Ертесіне тазы жетектеп барса, күнде мал аралап жүретін түлкі зым-зия. Қой соңында жүріп шаршаған соң кішкене көз іліндіріп алайын деп тазыны аяғына байлап, ұйықтап кетіпті. Оянса тазы да жоқ, аяғындағы мәсі де жоқ екен.
Сасқаннан үйіне жүгіріп келіп:
— Бәйбіше, бәйбіше, тазы мәсіні үйге әкелді ме? — депті.